Қазақ-түрік қатынастарының даму тарихы
DOI:
10.26577/JH-2018-2-246Аңдатпа
1991 жылы Кеңес өкіметінің ыдырауының нәтижесінде Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болды.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі сағатта оны алғаш мойындаған Түрік Республикасы
болды. Түркияның бұл бауырластық және достық пейілдігі жас мемлекет үшін өте маңызды
моральдық қолдау болды. Екі халық арасында ортақ тарихи және мәдени тамырлармен қатар,
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Түркия тарапынан берілетін жан-жақты қолдау екіжақты
қарым-қатынастардың қарқынды әрі серпінді дамуы үшін негіз болды. Түрік-Қазақстан қарым-
қатынастарының даму динамикасы және осы қатынастарды стратегиялық әріптестік деңгейінде
құру көптеген аймақтық және халықаралық мәселелерде Анкара мен Астананың мүдделерінің
ұқсастығы мен жақындығын көрсетеді. Түркияның аймақтағы және әлемдік саясатта стратегиялық
маңыздылығын түсінетін Қазақстан секілді, Түркия да Орталық Азиядағы Қазақстанның жетекші
рөлін ескереді және Қазақстанды өңірдегі ең маңызды әріптес деп есептейді. Айта кету керек,
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркиядағы төңкеріс әрекетінен кейінгі 2016
жылғы 15 шілдедегі сапары, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен үлес қосты , сондай-
ақ Түркия мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға маңыздылығы жағынан ерекше болды.








