Орталық Азия түркі тайпаларының билік институты қалыптасуының кейбір ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JH-2018-2-236Аңдатпа
Бұл мақаланың зерттеу обьектісі ретінде, Орталық Азия түркі тайпаларының мемлекетті
басқарудың дуалды жүйесінің ерекшеліктері қарастырылады. Осы мақсатта ғұндар тарихынан
бастау алып (б.з.д. ІІІ ғ. – ІІ ғ.) Қараханидтерге дейінгі (Х-ХІІ ғ.) уақытты қамтитын жазба деректер
мәліметтері талданды. Аталған деректерді пайдаланудың қажеттілігі,айқын түрде байқалған саяси
дәстүрлердің сабақтасытығының/мұрагерлігінің тұрақтылығымен байланысты болды. Зерттеу
барысында олардың ортақ қырлары мен даму сипаты, сонымен қатар ортағасырлық көшпелілер
тарихындағы әр жаңа кезеңнің ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен бірге түркі халықтарының
әлеуметтік-саяси тарихына байланысты өзге мәселелердің арасынан алдынғы орынға билік
институты шығады. Зерттеу тақырыбына байланысты жарияланған еңбектерге талдау жасалды.
Қаған билігі институтының басты мәселесі анықталды, ол өз алдына: жоғарғы биліктің қалыптасу
және даму механимзмдерін, еуразиялық даланың көптеген түрлі этникалық тайпалардың
бірлестіктерін, ұйымдасқан әскери-саяси жүйесінің құрылуын қамтиды. Қаған билігінің міндетті
түрде аналық жол арқылы мұралану құқығының танылу тәртібінің ерекшеліктері анықталды.








