«Әлімұлы» рулық-тайпалық бірлестігінің C-Y15552 гаплотобының ZQ5 генетикалық субклады
DOI:
10.26577/JH-2018-2-235Аңдатпа
Қазақтардың генетикалық генеалогиясын зерттеу аясында, бұл еңбекте, ауызша-дәстүрлі генеалогияның тарихи шынайылық деңгейін анықтау мақсатында Ү-хромосоманың ДНҚ талдау негізінде, кіші жүз қазақтарының Алшын тайпасының бір бөлігі болып табылатын Әлімұлы ру-тайпалық бірлестігі зерттелді. Зерттеу нәтижелері тарих пәніндегі қолданбалы әдіс ретінде
аталық жағынан рулық тектің генетикалық талдауларына сүйенді. Жинақталған мутациялар
негізінде белгілі бір генетикалық бөлімдерге бөлуде заманауи әдістер мен есептеулерді қолдану
қандай болмасын рудың негізін қалаушы (ру басы) өмір сүрген дәуірді анықтауға мүмкіндік
берді. Бұл тым ежелгі қауымдармен атауларының ұқсастырылуына жол бермей, осылайша ұлт
негізінің (этнос) қалану тарихының шынайы көрінісін, шежіресін қалыптастыруға септігін тигізді.








