ҚАЗАҚ АЛТАЙЫ ЕРТЕ ОРТАҒАСЫР КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ҚАРУ-ЖАРАҚТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2004101126Түйін сөздер:
Қазақ Алтайы, ерте ортағасырлық көшпелілер, қару-жарақ кешені, әскери іс, әскери археология, типологиялық талдау, археологиялық деректер, жерлеу ғұрпы, жауынгерлік мәдениет, Еуразия көшпелілері.Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақ Алтайының ерте ортағасырлық ескерткіштерінен археологиялық қазба барысында табылған қару-жарақтарына ғалымдар тарапынан зерттелуіне хронологиялық тұрғыдан тарихнамалық шолу жасалған. Қарастырылып отырған аймақтың осы кезең бойынша қару-жарақтарына қатысты тұшымды зерттеулер мен талдау жұмыстарының тым аздығына байланысты сол кемшіліктің шешімін табу мақсатында. шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері кеңінен қаузалған. Пайдаланылған еңбектердің бастауы өткен ғасырдан басталып, соңы қазіргі күнге дейін жететін еңбектер хронологиялық тәртіппен берілген. Алғашқы қару-жарақ мәселесі бойынша XIX ғасырдағы В.В. Радловтың зерттеулері, кейіннен А.А. Гаврилованың, С.С. Сорокиннің еңбектері екшеленіп, XX ғасырдағы Ю.С. Худяковтың монографиясын негізге ала отырып, салыстырмалы түрде Г.В. Кубаревтің, В.В. Горбуновтың еңбектерін де саралап өткен. Кейіннен отандық ғалымдардың да зерттеулері, олардың ішінде С.С. Черников, Ф.Х. Арсланова, З. Самашев. Ғ.Қ. Омаров, А. Айтқали, Р.С. Жұматаев сынды ғалымдардың еңбектері барынша қарастырылған. Қару-жарақтың немесе әскери өнердің көшпелілер өмірінде әсері мол болғаны тарихтан белгілі. Көшпелілер қалдырған мәдениет немесе соғыс өнері осы тақырыппен астасып жатыр.
Қазақ Алтайы ежелден көшпелілердің алтын бесігі деуге толық негіз бар. Ол сөзімізге дәлел ретінде ықылым заманнан бастап қазірге таңға дейін адамзат баласының киелі Алтайда мекендеуі. Өмір сүруге қолайлы, климатының тиімділігі, жердің кеңдігі де Алтайды мекендеуге нақты себеп болса керек. Мақала авторлары ерте ортағасыр кезеңінде Алтайды мекендеген көшпелілердің қару-жарағының зерттелуі қандай деңгейде болған деген сұрақтарға тоқталған.
