КЕШ БАХРИЛІК КЕЗЕҢДЕГІ МӘМЛҮК МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ БИЛІК АУЫСУ МЕХАНИЗМІ: ИБН ДҰҚМАҚТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2121202625Кілт сөздер:
мәмлүктер, Мысыр, Ибн Дұқмақ, Қалауын әулеті, билік ауысуы, мүлік, кеш бахрилік кезең.Аңдатпа
Мақаланың әдіснамасы мысырлық тарихшы Сарим әд-Дин Ибн Дұқмақтың (1407 ж. қ.б.) нарративин және оның "Халифалар, мәліктер мен сұлтандардың өмірбаянындағы асыл тас" атты шығармасын талдауға негізделген. Зерттеу Ибн Дұқмақ өткен дәуірдің саяси үдерістерін олардың тарихи шынайылығы тұрғысынан ғана емес, көбінесе өзі өмір сүрген кезеңнің – алғашқы бүржілік сұлтан әз-Захир Барқұқтың (1382–1399) билігінің нормативті өлшемдері призмасы арқылы сипаттаған деген болжамға сүйенеді. Талдаудың өзі Мәмлүк мемлекетіндегі 24 билеушінің ауысуын сипаттауға құрылған, бұл айтарлықтай репрезентативті іріктеу болып табылады. Зерттеу барысында салыстырмалы әдіс белсенді қолданылды: Ибн Дұқмақ еңбегінде анықталған тетіктер Бейбарыс әл-Мансұридің (1325 ж. қ.б.) "Һижра тарихындағы ой қаймағы" атты ерте бахрилік шежіресін талдау барысында анықталған билік ауысу механизмдерімен салыстырылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы кеш бахрилік кезеңдегі билік ауысу тетіктерінің элементтерін ерте бахрилік кезеңмен салыстыра отырып айқындауында; бұл қарастырылып отырған дәуірдегі билік институттары мен оның легитимациясындағы елеулі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
Ибн Дұқмақ бахрилік және бүржілік әулеттердің арасын қатаң ажыратпай, оларды біртұтас "Ұлы түрік мемлекеті" ("Дәуләт ат-түрк") ретінде қарастырады. Жиырма төрт билеушінің сипаттамасын талдау негізінде автор билікті легитимациялау және оны құлату механизмдерін көрсетеді: әмірлер корпусының фрагментациясы (бөлшектенуі), қандас-туыстық және некелік байланыстар рөлінің әлсіреуі, мұрагерліктің тік (әкеден балаға) бағыттан көлденең (бір буын шеңберінде) бағытқа ауысуы, сондай-ақ қатардағы мәмлүктер ықпалының артуы есебінен уақытша саяси ымыра құралы ретіндегі "әмірлер жиналысының" рөлі төмендеуі. Билеушінің жеке қасиеттеріне легитимдік факторы ретінде және классикалық мұсылмандық саяси ойдан бастау алатын "тәртіп тақуалықтан маңыздырақ" қағидасының басымдығына ерекше назар аударылады.
Қорытынды бөлімінде Ибн Дұқмақ сипаттаған билік транзиті моделі билік ауысуындағы дәстүрлі түркілік элементтер (әйел билеуші, атабек институты, құрылтайдың модификациясы ретіндегі "аға әмірлер кеңесі") мәнінің төмендеуін, қандас-туыстық байланыстардың тұрақтандырушы рөлінің кемуін және мәмлүк элитасы арасындағы фракциялық фрагментацияның күшеюін көрсетеді деген түйін жасалады.
