ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХХ ҒАСЫР ӘЙЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР: ТАРИХИ ЖАД ЖӘНЕ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕҢІСТІК
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2121202620Кілт сөздер:
әйел тұлғасы; тарихи жад; ескерткіш; мемориалдық кеңістік; гендерлік репрезентацияАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы ХХ ғасыр әйел тұлғаларына арналған ескерткіштер тарихи жадтың, қоғамдық кеңістіктің және гендерлік репрезентацияның өзара байланысы тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан ұлттық мемориалдық ландшафтта әйел тұлғаларының алар орны әлі де жүйелі түрде тарихи тұрғыдан талданбағанымен айқындалады. Мақаланың мақсаты - әйелдерге арналған ескерткіштердің Қазақстандағы тарихи жадты қалыптастырудағы, кеңістікте бекітудегі және ұрпақаралық сабақтастықты бейнелеудегі қызметін анықтау. Зерттеудің негізгі корпусын Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановаға арналған мемориалдық нысандар құрайды; Күләш Байсейітова, Дина Нұрпейісова және Роза Бағланова ескерткіштері салыстырмалы мәдени корпус ретінде алынған. Дереккөз ретінде мемлекеттік тізімдер, музейлік және әкімшілік материалдар, ескерткіштерді ашу рәсіміне қатысты баспасөз хабарламалары, фотоматериалдар және memory studies бойынша ғылыми әдебиет пайдаланылды.
Зерттеуде тарихи-салыстырмалы,деректанулық, визуалды-семиотикалық, дискурстық талдау және мемориалдық кеңістікті талдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде әйелдерге арналған ескерткіштер жеке өмірбаянды сақтап қоймай, ұлттық ерлік, аймақтық мақтаныш, мәдени мұра және қоғамдық құрмет категорияларын материалдық түрде жариялы кеңістікте бекітетіні анықталды. Мақалада ескерткіштерді өмірбаяндық жад, монументтік белгі, мемориалдық орын, ритуалдық қолданыс және қоғамдық репрезентация деңгейлерінде талдауға арналған бес деңгейлі модель ұсынылады.
