XIX ҒАСЫРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ–ОСМАН ҚАТЫНАСТАРЫ: ҚАЗІРГІ ТҮРІК ТАРИХНАМАСЫНЫҢ ТАЛДАУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2121202627

Кілт сөздер:

турецкая историография, османистика, ханства Центральной Азии, Османское государство, дипломатические отношения, архивные документы, источниковедение, историография.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі түрік тарихнамасында Осман империясы мен Орталық Азия хандықтары арасындағы қарым-қатынастардың зерттелуі тарихнамалық тұрғыдан талданады, сондай-ақ түрік зерттеушілерінің ғылыми ұстанымдары, теориялық тұжырымдамалары, деректік негіздері және осы мәселеге қатысты зерттеулердің негізгі даму үрдістері қарастырылады.

            Зерттеу тарихилық пен объективтілік қағидаттарына, сондай-ақ тарихнамалық және деректанулық талдау әдістеріне негізделген. Зерттеу барысында Түркияда жарияланған монографиялар, ғылыми мақалалар, докторлық диссертациялар, сондай-ақ түрік тарихнамасына арналған заманауи ғылыми басылымдар зерделенді.

            Зерттеу нәтижелері қазіргі түрік тарихнамасында Осман империясының Бұхара, Хиуа және Қоқан хандықтарымен қарым-қатынастары дипломатиялық байланыстар, сауда жолдары және мәдени алмасу тұрғысынан кеңінен қарастырылатынын көрсетті. Сонымен қатар соңғы жылдары Осман мұрағаттарының материалдарына негізделген зерттеулер санының айтарлықтай артқаны, бұл өз кезегінде аталған мәселені зерттеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерінің қалыптасуына ықпал еткені анықталды.

            Зерттеудің ғылыми жаңалығы қазіргі түрік тарихнамасында Осман империясы мен Орталық Азия хандықтарының өзара қарым-қатынастарына арналған ғылыми еңбектердің алғаш рет тарихнамалық талдау негізінде жүйеленуінде болып табылады. Түрік зерттеушілерінің теориялық-әдіснамалық ұстанымдарына, тарихи дереккөздерді пайдалану ерекшеліктеріне және ғылыми көзқарастарының эволюциясына салыстырмалы баға берілді. Алынған нәтижелер Осман империясы мен Орталық Азия хандықтарының өзара қарым-қатынастары тарихына арналған қазіргі шетелдік тарихнаманы бағалауға, осы саладағы ғылыми олқылықтарды анықтауға, сондай-ақ салыстырмалы және пәнаралық зерттеулерді одан әрі дамытуға ғылыми негіз бола алады.

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы