ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ АЗ САНДЫ ЭТНИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2004081126

Түйін сөздер:

этникааралық,, этномәдени ықпалдастық, аз санды халықтар, интеграция,, мәдениетаралық коммуникация, аккультурация, ассимиляция,, этноэволюциялық сипат,, этнотрансформациялық сипат.

Аңдатпа

Мақалада этнологиядағы әлеуметтік-мәдени ықпалдастық жөніндегі теориялық-методологиялық концепциялар қарастырылған. Мақаланың негізгі мақсаты - әлеуметтік-мәдени ықпалдастықтың негіздері  тұжырымдамаларға тарихнамалық шолу жасау болып отыр. Мәселенің негізгі өзекті тұстары жіті талданып, қарастырылады. Мақаланы жазу барысында шетелдік, ресейлік және отандық  зерттеушілердің мәдени коммуникацияға қатысты зерттеулердің теориялық негіздеріне тарихнамалық талдау жасалынды. Мәдениетаралық коммуникацияның қандай теориялары белгілі, олардың негізгі тұжырымдары қандай? Көзқарастар ерекшелігі,шетелдік, ресейлік және отандық мектептердегі ойлар тұжырымдалды. Қазіргі заманғы әлемдік ғылымдағы негізгі даму бағыттары қандай? Мақала мақсаты да осы сұрақтардың мәнін ашуға бағытталды. Этнология, мәдениеттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдени антропология және тарихи бағыттағы еңбектерді сабақтастыра қарастыру барысында пәнаралық тәсіл, салыстырмалы талдау әдісі қолданылды. Қорытынды бөлімінде мәдени коммуникация, этникалық, мәдени байланыс, өзара ықпалдастық мәселелеріне қатысты зерттелмеген аспектілер айқындалып, жаңа зерттеулерге жол салар өзекті тұстар болжанды.

Жарияланды

2026-11-20

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология