XIX Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛҚҰМ ҚАЗАҚТАРЫ: ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2121202628Кілт сөздер:
Қызылқұм, мал шаруашылығы, қоныстану жүйесі, құдық, сексеуіл, аридті аймақ, этно-экология, этно-экономика, керуен жолдары.Аңдатпа
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы Қызылқұм өңіріне арналған зерттеулердің негізгі бағыттары аймақтың флора фаунасына, өңірді мекендеп отырған халықтардың этно-экологиялық және этно-экономикалық үрдістерін зерделеуге арналған. Мақаланың мақсаты, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы жүргізілген зерттеулерде аридты аймақты игерудің дәстүрлі үлгісі болатын Қызылқұмның байырғы тұрғындары қазақтардың шаруашылығына, қоныстану жүйесіне және этномәдениетіне қатысты деректер мен зерттеулерге тарихнамалық талдау жасау.
Мақаланы дайындау барысында Қызылқұм қазақтарына байланысты XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан әр түрлі тарихи деректер мен этнографиялық зерттеулер мәселені тарихнамалық тұрғыдан талдауда қолданылды. Революцияға дейінгі зерттеулердің қатарында А.П. Хорошхин, В. Пельц, П.П. Иванов, Б.В. Андрианов, М.С. Анедреев, Барбот де Марни, Н. Дингельштадтың зерттеулері қамтылды. Кеңестік кезеңде жүргізілген зерттеулердің ішінде Э. Мэйларт, У.Х. Шалекенов, Шаниязовтың зерттеулерінде Қызылқұм қазақтарының шаруашылығына арналған мәліметтер бар. Кейінгі жылдары жүргізілген зерттеушілердің ішінде А.У. Тоқтабай, Т.Е. Қартаеваның зерттеулері Қызылқұм қазақтарының дәстүрлі мәдениетін тұтас қарастыруға арналады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы Қызылқұм қазақтарына қатысты зерттеулерді тарихнамалық тұрғыда талдау үшін тарихи-салыстырмалылық, тарихи-жүйелілік, тарихи-типологиялық әдістер қолданылды. Бұл әдістерді қолдану барысында тарихилық және объективтілік принциптері сақталды. Зертттеу нәтижесінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен кейінгі кезеңдерде Қызылқұм қазақтары бойынша жүргізілген зерттеулердің негізгі бағыттары айқындалды. Халықтың шаруашылығына және өмір сүру жағдайына қолайлы табиғатты игеру түрлеріне қатысты зерттеулердің ерекшеліктері анықталды.
