ҒҰН ӘСКЕРІ МЕН ӘСКЕРИ ӨНЕРІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2121202624

Кілт сөздер:

ғұндар, ғұндар армиясы, Шпейер мұражайы, әскери өнер.

Аңдатпа

Ұсынылған мақала қазақ мемлекеттілігінің бастауындағы Ғұн империясының алып күшінің айғағы болған әскері мен әскери өнері мәселесіне арналған. Ғұн мемлекетінің әскерінің мықтылығын біз тек империялық саясат ұстанған ғалымдармен қатар, еуропоцентристік көзқарастағы ғалымдарға да дәлелдеп, обьективті тұрғыдан айқындап беруіміз керек. Сол себепті ұсынылған мақаланың мақсаты ғұн әскері және ғұндардың әскери өнері туралы мәселелерді зерттеу болып табылады. Тақырыпты ашу мақсатында түрлі ғалымдардың көзқарастары мен Еуропа мұрағаттарыңда табылған антикалық авторлардың жазбалары алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Зерттеуде деректер мен маңызды деген тарихнамалық еңбектерді талдау әдістері, пәнаралық ізденістер тұрғысынан, яғни археологиямен ұштастырған ғылыми талдау әдістері пайдаланылды.

Ғұн империясының әскері шын мәнісінде бірнеше жүз мың жауынгер санын құрап, Батыстағы алып империяға тойтарыс бере алды. Ғұндардың әскери өнерінің көрінісі болып табылатын соғыста пайдаланылған қару-жарақтары мен тактикасы әлемді мойындатқан ерекше күшке айналды.

Жарияланды

2026-09-20

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы