ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ЧОҢ-АЛАЙ, БАТКЕН, ЛЕЙЛЕК ЖӘНЕ НООКАТ АҢҒАРЛАРЫНДАҒЫ КІЛЕМ ТОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ, ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН РИТУАЛДАРЫ

Авторлар

  • Ч.Т. Сатыбалдиева Ош мемлекеттік университеті, Ош қ., Қырғызстан https://orcid.org/0009-0005-3202-0369
  • А.С. Есенаманова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7592-2945

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH1201202616

Кілт сөздер:

кілем тоқу, ритуалдар, этномәдениет, гендерлік тәжірибелер, ою-өрнек, дәстүрлер, Чоң-Алай, Баткен, Лейлек, Ноокат, Қырғызстан.

Аңдатпа

Мақалада Қырғызстанның оңтүстігіндегі Чоң-Алай, Баткен, Лейлек және Ноокат өңірлеріндегі дәстүрлі кілем тоқудың ғұрыптық, ритуалдық және символдық қырлары қарастырылады. Автор тоқымашылықты тек өндірістік әрекет ретінде ғана емес, сонымен қатар этномәдени мағыналар жүйесін, әлеуметтік өзара ықпалдастықты және білімнің ұрпақтан ұрпаққа берілуін қамтитын кешенді мәдени практика ретінде талдайды. Зерттеуде қолөнердің гендерлік ерекшелігіне, тоқу үдерісінің басталуы мен аяқталуына қатысты сакралды ритуалдарға, ою-өрнектердің символдық кодтарды жеткізуші ретіндегі мәніне, сондай-ақ кілемдердің өмірлік циклдер мен отбасылық ғұрыптардағы рөліне назар аударылады. Әдіснама Ош және Баткен облыстарында жиналған этнографиялық далалық материалдарға негізделіп, ауызша әңгімелерді, бақылауды және ритуалдарға қатысуды қамтиды. 

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология