ҚАЮМ НАСЫРИ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ТАРИХИ ПАРАЛЛЕЛЬДЕР: И. К. ЗАГИДУЛЛИННІҢ «ҰЛЫ ТАТАР АҒАРТУШЫСЫ ҚАЮМ НАСЫРИ» МОНОГРАФИЯСЫНА РЕЦЕНЗИЯ (ҚАЗАН, 2024)

Авторлар

  • Г.С. Сұлтанғалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-8875-0572

Аңдатпа

Профессор Ильдус Котдусович Загидуллиннің «Ұлы татар ағартушысы Қайым Насыри» (Қазан, 2024) атты монографиялық зерттеуі Ресей империясындағы түркі-мұсылман халықтары тарихының ең қызықты кезеңдерінің бірі — XIX ғасырдың екінші жартысын зерделеуге арналған. Бұл кезеңде тарихи сахнаға дәстүрлі және жаңартылған дүниетаным элементтерін ұштастыра білген, өз халықтарының мәдени өрлеуіне ұмтылған ұлттық ағартушы-интеллектуалдар шықты. Олардың қатарында қызметтері Ресей империясының құрамында іс жүзінде бір уақытта және бірдей әлеуметтік-саяси жағдайларда өрістеген татар ағартушысы Қайым Насыри (1825–1902) мен қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсаринді (1841–1889) атауға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Ғылыми өмір