КІТАПХАНАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ КОММУНИКАЦИЯ: ТАРИХИ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Авторлар

  • K.Т. Туенбаева
  • Д.Е. Сейтимбетова

DOI:

10.26577/JH212120268

Кілт сөздер:

FAIR қағидаттары, цифрлық инфрақұрылым, институционалдық трансформация, ашық ғылым, цифрлық трансформация, репозиторийлік саясат, STI саясаты.

Аңдатпа

Бұл мақала кітапханалар мен ғылыми коммуникацияның тарихи байланысын, кітапханалардың білім қоймалары ретіндегі рөлінен, ғылыми зерттеулерді құру, тарату және сақтау үрдістерінің белсенді қатысушыларына  өзгеруіне дейінгі эволюциясын қарастырады. Кітапханалардың институционалдық трансформациясы цифрлық технологияларды дамыту, ашық қолжетімділік және ғылыми қауымдастықтың өзгермелі қажеттіліктері контекстінде талданады.

Зерттеу әдістемесі кешенді тәсілге негізделген. Бұл тәсіл халықаралық ұйымдардың (UNESCO, IFLA, OECD) стратегиялық құжаттарына контент-талдау, ғылыми коммуникация модельдеріне (Garvey, Kramer, OSF) интерпретациялық талдау, сондай-ақ қазіргі заманғы ғылыми кітапханаларға кейс-талдауды қамтиды.

Мақаланың ғылыми жаңалығы ғылыми коммуникация контекстінде кітапханаларды дамытудың тарихи траекториясын түсінуді жүйелеу және тереңдету, сондай-ақ технологиялық, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге байланысты кітапханаларды институционалдық қайта құрудың жаңа типологиясын ұсыну болып табылады.

Ұлттық және халықаралық тәжірибелерді талдау негізінде кітапханалардың cызықтық сақтау моделінен ғылыми қызметтің желілік және процедуралық қолдауға көшуі қарастырылады. Ғылыми басылымдарды қолдау, зерттеу деректерін басқару және университет кітапханаларының (MIT, ҚазҰУ, Nazarbayev University) мысалында цифрлық сауаттылықты дамыту сияқты кітапханалардың жаңа функцияларына ерекше назар аударылады.

Кітапханаларды трансформациялаудың негізгі тенденциялары айқындалды, олардың қатарында цифрлық ресурстарға көшу, ақпараттық сервистерді дамыту, ғылыми қоғамдастық пен өзара іс-қимылдың жаңа модельдерін қалыптастыру және ашық ғылым процестеріне белсенді қатысу. Кітапханаларды ашық ғылым саясатында және STI стратегияларында белсенді актор ретінде институттандыру қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Зерттеу нәтижелері ғылыми коммуникация жүйесіндегі кітапханалардың қазіргі жағдайын жақсырақ түсінуге және олардың үнемі өзгеріп отыратын ақпараттық орта жағдайында одан әрі дамуын болжауға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы