ОРЫНБОР МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІ: РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ МЕН ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗИЯЛЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Авторлар

  • Г. Жәнібекова Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті https://orcid.org/0009-0006-6301-3935
  • Г. Сұлтанғалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-8875-0572

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH202511834

Кілт сөздер:

мұғалімдер мектебі, білім саясаты, болыстық және ауылдық мұғалімдер

Аңдатпа

 

XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап Ресей империясының қазақ халқына қатысты саясатында жаңа кезең басталды: жас ұрпақтың ой-санасы мен дүниетанымын өздеріне қажетті арнаға бағыттау мақсатында кәсіби оқу орындары ашыла бастады. Мақалада Орынбор қазақ мұғалімдер мектебінің (1883–1917) қызметі империялық институционалдық эксперимент ретінде талданады; аталған оқу орны отыз төрт жыл бойы болыстық және ауылдық мектептерге мұғалім кадрларын дайындады. Зерттеу Қазақстан мен Ресейдің орталық архивтерінен алынған құжаттық материалдарға (өтініштер, ресми хат-хабарлар), қазақ семинаристерінің мектеп әкімшілігімен өзара қатынастарына және түлектердің өмірбаяндық деректеріне негізделген.

Методология ретінде постколониялық тәсіл, атап айтқанда Хоми Бхабханың interstitial subjectivity (аралық/шекаралық субъектілік) теориясы қолданылды. Бұл амал империялық мұғалімдер мектебін тәмамдаған түлектің мұғалім немесе әкімшілік қызметін атқара жүріп, билік пен жергілікті қоғам арасындағы делдалға айналып, жаңа білім мен мінез-құлық үлгілерін тарату тетіктерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақ мұғалімдерін даярлауға бағытталған империялық білім саясаты ұзақмерзімді әсерге ие болды: ол постимпериялық мемлекетке кадрлық негіз дайындап, түлектер өз кәсіби білімдерін Қазақстандағы кеңестік биліктің алғашқы онжылдықтарында іске асырды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Журналдың саны

Бөлім

1-бөлім Отан тарихы