Қазақстан және Шығыс Еуропа елдері: қалыптасуы мен дамуы
DOI:
10.26577/JH-2018-1-202Аңдатпа
Қазақстан әлемнің жетекші елдерімен мойындалған және көпжақты ынтымақтастық мүддесіне сай келетін көпвекторлы саясат жүргізеді. Біздің республика халықаралық қатынастардың жауапты субъектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты оның көпвекторлылығын алдын ала анықтауға мүмкіндік берген бірқатар факторларға – Ресей мен Қытай секілді әлемдік державалармен көршілестік, Америка Құрама Штаттарының жаһандық рөлі, сондай-ақ елдің Еуропа мен Азияның қиылысында орналасқан геосаяси ерекшелігіне әрқашан назар аударады. Еуропалық Одақ әрқашан Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында ерекше орын алады. Еуропалық бағытта әріптестікті нығайту үшін Қазақстан экономикасына жағымды жағдайлар жасалынып, инвестициялар тартылды. Бұл тақырыптың өзектілігі ынтымақтастықтың белгілі бір аспектілерін зерттеудің қажеттілігінде.








