МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕКЕ МЕН ОТБАСЫ: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • Н. Н. Әбдінасыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6518-4996
  • Қ. Б. Баудиярова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6341-8664

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251172016

Кілт сөздер:

қоғам, мемлекет, неке, отбасы, отбасы тұрақтылығы, ажырасу.

Аңдатпа

Қазіргі таңда неке және отбасы мәселесін зерттеу ғылым үшінде, қарапайым адам үшінде қызығушылық тудыратын тақырыптардың бірі. Тәуелсіздік алғаннан бері неке және отбасы экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге ұшырады. Көптеген ғылымдардың зерттеу нысанына айналды. Мақалада Қазақстанның шығыс өңіріндегі неке және отбасы жағдайы, оның дамуы, отбасы құндылықтарының өзгеруі, некеге отыру себептері, некеге отыру жасы, жұбайлардың білім дәрежесі, ажырасқандар саны, ажырасу себептері қарастырылды. Тарихи-этнографиялық және этносоциологиялық зерттеу жүргізілді. Бұл мақаланың теориялық және әдіснамалық негізі тарихи және этнографиялық тәсілдермен қатар талдау, синтез және жүйелік әдістемені қамтитын жалпы ғылыми әдістерге негізделген. Шығыс Қазақстан облысындағы неке және отбасы мәселелерін зерттеу үшін тарихи-хронологиялық әдіс қолданылды. 1999 және 2009 жылдардағы санақ деректерін талдау үшін статистикалық әдістер қолданылды, ал салыстырмалы әдіс неке жасының және ажырасудың тенденцияларын анықтау үшін қолданылды.

Бұл зерттеудің эмпирикалық негізі этнологиялық және этносоциологиялық материалдардан, статистикалық деректерден және ғылыми зерттеулерден тұрады. 1999 жылғы және 2009 жылғы Ұлттық халық санағы мәліметтері салыстырмалы түрде талданды. Мақалада статистикалық материалдарды этнографиялық деректер толықтырып отырды. Қазіргі таңдағы өзгеріске ұшыраған отбасылардың ерекшелігі сипатталды. Зерттеу барысында өңірге тән әлеуметтік-экономикалық факторлардың неке және отбасы жағдайына ықпалына назар аударылды. Мақала отбасы тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Автор өмірбаяндары

  • Н. Н. Әбдінасыр, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Әбдінасыр Назира Нұрқожақызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының маманы (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы). E-mail: nazzira.abdinassir@gmail.com

  • Қ. Б. Баудиярова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Баудиярова Куралай Батырбековна – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).
    E-mail:baudiyarovakb@gmail.com

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-24

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология