ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • A. С. Есенамановна Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7592-2945

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH20251172013

Кілт сөздер:

Қазақстан музейлері, түркі халықтары, тарихи-мәдени мұра, музейлік этнография, ғылыми-зерттеу, әдіснама, мәдени-тарихи мұра, экспонат, музейлік зат.

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының музейлік кеңістігінде түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибелік аспектілері қарастырылады. Түркі халықтарының этномәдени ерекшеліктерін музей арқылы тану – қазіргі гуманитарлық ғылымдарда ерекше маңызға ие бағыттардың бірі. Мақалада музейлердің этнографиялық қорларында сақталған түркі мұрасының жинақталу, жүйелену және ғылыми айналымға ену мәселелері жан-жақты талданады. Сондай-ақ зерттеу материалдары ретінде ҚР Орталық Мемлекеттік архиві, ҚР Орталық Мемлекеттік музейі, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі  пайдаланылды. Зерттеу барысында мәдени-тарихи, салыстырмалы, типологиялық және визуалды-антропологиялық әдістер қолданылды. Музейлік артефактілер – зергерлік бұйымдар, дәстүрлі киімдер, тұрмыстық заттар мен діни жәдігерлер арқылы түркі халықтарының этномәдени коды мен тарихи сабақтастығы айқындалады. Мақалада «музейлік түркология» терминін ғылыми айналымға енгізудің өзектілігі негізделеді.

Түйін сөздер: Қазақстан музейлері, түркі халықтары, тарихи-мәдени мұра, музейлік этнография, ғылыми-зерттеу, әдіснама, мәдени-тарихи мұра, экспонат, музейлік зат.

 

Автор өмірбаяны

  • A. С. Есенамановна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Есенаманова Айгерим – докторант, археология, этнология және музеология кафедрасы, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті. Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: yessenamanovaaigerim@gmail.com  

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-24

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы