Парламентаризм идеясының тарихынан

Авторлар

  • Ф. Мийманбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Д. Башенов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2018-1-198

Аңдатпа

Мақалада биліктің бөліну теориясының қалыптасу кезеңдері жан-жақты зерттеледі. Биліктің бөліну тұжырымдамасы ұзақ тарихи жолды өткерді және қазіргі әлемде демократиялық мемлекеттің негізгі құраушысы болып табылады. Марсилий Падуанский билікті бөлу тұжырымдамасын дамытуға үлкен үлес қосқан, ол XIV ғасырда-ақ «Әлемді қорғаушы» атты өз еңбегінде осы
тұжырымдаманың негізін қалыптастырған. Бұл еңбек билікті бөлу тұжырымдамасының алғашқы
теориялық зерттеулерінің бірі болды. Бұл мәселені зерттеудегі маңызды қадам Ағарту дәуірінде
жасалды. Ағарту дәуірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістіктері мемлекеттің
жаңа саяси жүйесін, уақыт талабына сай келетін биліктің жаңа құрылымын талап етті, сондықтан
дәл осы уақытта философтар бұл мәселеге назар аударды. Биліктің бөліну теориясының пайда
болуына негізінен Д. Локктың және Ш. Монтескьенің идеялары негіз болды деп тұжырымдалады,
себебі дәл солар биліктің бөліну теориясының іргелі қағидаларын қалыптастырған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-05-17

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы