КЕЛЕС АҢҒАРЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ (Күлтөбе қаласының археозоологиялық материалдары бойынша)

Авторлар

  • М. C. Шагирбаев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Алматы қ., Қазақстан. https://orcid.org/0000-0001-8176-9329
  • Б. С. Сиздиков Международный казахско-турецкого университета имени Х.А.Ясави, г. Туркестан, Казахстан. https://orcid.org/0000-0001-8115-5810

DOI:

10.26577/JH20251161017

Кілт сөздер:

археология, археозоология, Келес даласы, қаңлы кезеңі, Күлтөбе қалашығы, мал шаруашылығы

Аңдатпа

Мақалада Күлтөбе қалашығының (Түркістан облысы, Келес ауданы) қаңлы дәуірімен мерзімделетін мәдени қабатынан 2023 жылы табылған археозоологиялық материалдарға жүргізілген зертханалық талдаулардың нәтижелері беріледі. Зерттеудің мақсаты Келес аңғарындағы мәдени-шаруашылық түрлерін айқындау, аймақтағы ежелгі мал шаруашылығы мен аңшылық бағыттардың даму динамикасын түсіну және палеофаунаның құрамын талдау болып табылады. Жұмыс барысында археозоологиялық материалдардың жануар түрі бойынша негізгі құрамы анықталып, үй тұяқтыларының қаңқа элементтері, қаңқа бөліктері, морфологиялық ерекшеліктері (экстерьерлік сипаты, жас еркшелігі), тұрғындардың етті тұтыну мөлшері, жануарларды сою мезгілдері мен сүйектердегі бірқатар модификациялық өзгерістер және патологиялар анықталды. Жиыны 1482 сүтқоректілерге тиесілі сүйек зерттеліп, оның ішінде 1156 (78%) сүйек нақты түрге дейін ажыратылды. Остеологиялық коллекцияның құрамында үй жануарларының сүйектері басым (97,4%), сонымен қатар, жабайы жануарлардың сүйектері де (1,9%) кездесті. Жабайы фаунаның құрамында бұғы (Cervus elaphus), арқар (Ovis ammon) секілді тұяқты жануарлармен қатар, түлкі (Vulpes vulpes), балық (Pisces) және құс (Aves) сүйектері де анықталып отыр. Үй  жануарларының қалдықтарының арасында уақ малдың (қой-ешкі) сүйектері басым (59,8%). Екінші орында – ірі қара (32,3%), үшінші орында  –  жылқы  сүйектері  (6,9%).  Аз  мөлшерде түйе сүйектері мен мысықтың қаңқа элементі кездесті. Уақ  малдың басым  бөлігі  1–2,5  жас  аралығында  көбірек сойылғаны байқалды. Ірі қараны 2,5 жастан асқанда көбірек етке пайдаланған. Уақ малдың төменгі жақ сүйегіндегі тістердің қажалу сатыларын зерттеу нәтижелері жануарлардың жылдың жылы мезгілінде көбірек сойылғанын көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • М. C. Шагирбаев , Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Алматы қ., Қазақстан.

    Шагирбаев Мамбет Сапарбекович – Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері,, зооархеология зертханасының меңгерушісі, Қазақстан, Алматы қ. E-mail: shagyrbaev@gmail.com

    Scopus Author ID: 58090349000

     

     

  • Б. С. Сиздиков, Международный казахско-турецкого университета имени Х.А.Ясави, г. Туркестан, Казахстан.

    Сиздиков Багдаулет Сапарбаевич – Ph.D., доцент, археология институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. E-mail: bagdaulet.sizdikov@ayu.edu.kz

    Scopus Author ID: 57210560635

     

     

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-27

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология