Problems of family and marriage relations of kazakh people (based on ethnographic materials of Southern Kazakhstan)

Авторлар

DOI:

10.26577/JH.2023.v109.i2.012

Аңдатпа

Аннотация. Бұл мақала Қазақстандағы неке мен отбасының орнын анықтайды. Барлық кезеңде отбасы мен неке мәселесі қоғамды да, мемлекетті де алаңдатты. Отбасы әлеуметтік институттың бір бөлшегі ретінде, қоғамның маңызды бөлігін құрайтыны белгілі. Отбасында балалар мен жасөспірімдер дәстүрлі құндылықтарды бойына сіңіріп, үлкендерді құрметтеуге үйренеді, өз Отанына деген патриотизм сезімі тәрбиеленеді. Отбасының моральдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы некенің беріктігіне өзінің әсерін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі нарықтық уақытта мемлекеттің тұрақтылығы отбасының тұрақтылығына тікелей байланысты. Мақала отбасының тұрақтылығына әсер ететін факторларды анықтайды. Некенің тұрақтылығына отбасы құрылымы, отбасындағы билік, отбасылық қатынастар, бала тәрбиесі, бос уақытты ұтымды пайдалану әсер етеді. Этнологиялық тұрғыдан алғанда, болашақта бұл жағдайларды түсіну жас және орта буын ұрпақтың этникалық тегіне қарамастан отбасылық өмірді толыққанды сүруге, сонымен қатар отбасының қалыпты, репродуктивті, коммуникативті, экономикалық қызметін қамтамасыз етуге қатысты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі.

Түйінді сөздер: мемлекет, қоғам, отбасы, неке, тұрақтылық, этикет, бала тәрбиесі.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-21

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология