Жапониядағы дін қабылдау ерекшеліктері
Аңдатпа
Әртүрлі елдерде түрлі діндер ұсталынады. Бір уақытта бірнеше дінге сенетін адамдар да бар. Алайда, егер көптеген елдерде бұл сирек кездессе, ал Жапонияда ол әдеттегі нәрсе болып саналады. Көптеген статистикалық зерттеулерге сәйкес, Жапонияда көптеген адамдар синто және буддизмді бірдей ұстанады. Әрине, синтоизм және буддизм ұзақ уақыт бойы тығыз қарым-қатынаста болғанын біз Жапон тарихынан білеміз. Дегенмен де, жапондықтар қалайша екі әртүрлі діндерді біріктіре алады? Қазіргі заманғы жапондықтар, құндылықтар жүйесінде дін маңызды орын алмайды деп айтатыны белгілі. Бұл жапондықтардың дінге деген мүлдем басқаша көзқарасының салдарынан болуы мүмкін. Бұл мақалада, авторлар жоғарыда сипатталған мәселелерді анықтау үшін жүргізген жапондықтар арасындағы сауалнама нәтижелері талданады.








