Халықаралық қатынастардағы биполярлық жүйе ыдырағаннан кейінгі Жапония имиджінің өзгеруі

Авторлар

  • Жанар Ашинова
  • Дана Ерменова

Аңдатпа

Басқа елдердің имиджі сияқты, Жапонияның имиджі де уақыт өте келе өзгеріп отыр, оған саяси, экономикалық және мәдени факторлар әсерін тигізуде. Жапония, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін агрессор ел ретінде танылып, бұл жағдай елдің халықаралық имиджі қалыптасуына кері әсерін тигізді. Алайда, биполярлық жүйе ыдырағаннан кейін, глобализация процестерінің әсерінен әлемдік деңгейде халықаралық қатынастар сипаты өзгереді. Бұл өзгерістер Жапонияға да әсерін тигізді. Глобализация үрдісі жағдайында Жапония елдің имиджінің өзгеруі мәселелерімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл мақалада Жапон елі имиджінің өзгеруі және оған тікелей ықпал еткен Жапон мемлекетінің саясаты мен тарихи оқиғалар талданады. 

Жүктеулер

Жарияланды

2017-10-15

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы