Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясы және оның дамуы
Аңдатпа
Бұл мақала Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясын талдауға арналған. Автор «Еуразиялық» идеясы тұжырымдамасының тарихын және посткеңестік кеңістіктегі елдердің жақындасуының дамуы барысында қарастырады. Жұмыста автор 1990 жылдардағы қазақстандық басшының бастамасына Ресей мен ТМД елдері басшыларының қызығушылықтарының болмауының себептерін, 2000 жылдар басында евразиялық идеяға қайта оралу мәселелерін және 2010 жылдан бастап күні бүгінге дейін бұл идеяның даму барысын түсіндіреді. Сонымен қатар автор евразиялық кеңістектегі мемлекеттердің интеграциялық үдерістеріндегі Қазақстанның атқарып отырған факторларды да атап көрсетеді. Посткеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы өзара қарым-қатынастар мен олар арасындағы жақындасу үдерісінің күшею болашағына да талдаулар жасалады.








