ЕАЭО шеңберіндегі энергетикалық серіктестік мәселелері

Авторлар

  • Галия Мовкебаева
  • Эльвира Айдарханова
  • Малика Есмуханбетова

Аңдатпа

Жаһандану үдерісінің өсуі мен әлемдік экономиканың дамуы энергетикалық ресурстардың пайдаланылуын ұлғайтып, ал қорының азаюына әкелді, бұл аймақтық энергетикалық диспропорциялардың, өзіндік энергоресурстарымен қамтамасыз етілмей отырған елдер санының өсуіне ықпал етеді. Аталған кереғар үдерістердің салдарын жойып, экономика мен энергетикалық қауіпсіздікті сенімді түрде энергетикалық қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін энергетикалық салада мемлекеттердің интеграциясының дамуы мен интеграциялық ұйымдардың өзара ықпалдасуы қажет. Мақалада Еуразиялық экономикалық одақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып, энергетикалық қауіпсіздіктің басым бағыттарына байланысты ЕАЭО мүшелерінің позициялары мен қызығушылықтары талданады; ЕАЭО энергетикалық қауіпсіздігіне байланысты бірқатар ұсыныстар атап өтіледі. Мақалада одақ мүшелерінің өз энергетикалық қауіпсіздігін ұлттық валютаның девальвациясы мен энергиятасымалдаушылардың бағасының төмендеуі жағдайында қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы сауал қойылады. ЕАЭО энергетикалық қауіпсіздігінің қазіргі таңдағы деңгейіне байланысты қорытындылар жасалып, ішкі және сыртқы факторларды бағалауда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болжамдық әдістер пайдаланылады, оларды ұлғайту мәселелері мен жолдары аталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-10-15

Журналдың саны

Бөлім

1-бөлім Отан тарихы