ЖЕТІСУ ҚОНЫС АУДАРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӨЛКЕДЕГІ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

Авторлар

  • G .B. Tleubekova І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ. http://orcid.org/0000-0003-2367-3411

DOI:

10.26577/JH.2021.v101.i2.18

Аңдатпа

Мақалада Ресей империясының ХХ ғасырдың басындағы Жетісу өлкесінде жүргізген қоныс аудару саясаты мен Жетісу қоныс аудару басқармасының қызметі қарастырылады. Жетісу қоныс аудару мекемесінің тарихы Қазақстан Респуликасының Орталық мемлекеттік архивінің 19­қорында жинақталған Басқарманың іс­жүргізу құжаттарының негізінде талданған. Қорда іс­ жүргізу құжаттарын құрайтын хаттамалар, есептер, штат қызметкерлерінің жеке құжаттары, хат алысу құжаттары, тарихи анықтамалар деректанулық тұрғыдан зерттелген. Жетісу қоныс аудару басқармасының іс­жүргізу құжаттарын талдау барысында деректану ғылымының объективтілік және тарихилық принциптері негізге алынды.

Ресей империясы Жетісу өлкесінде жергілікті қоныс аудару басқармасы арқылы орыс шаруаларын қоныс аудартып, отарлау сясатын жүзеге асырған болатын. 1905 жылы құрылған Жетісу қоныс аудару уақытша партиясының қызметі және одан кейінгі 1906­1918 жылдар аралығында болған Жетісу қоныс аудару басқармасының қызметі архив құжаттары негізінде толық сипатталған. Қор құжаттарында сонымен қатар, өлкедегі рухани отарлаудың бір көрінісі болып табылатын, сол кезеңде ашылған орыс мектептері мен шіркеулері туралы да мәліметтер бар. Жетісу облысының әр уезі бойынша қоныс аударушылар туралы нақты  мәліметтер, Жетісу қоныс аудару басқармасының штат құрамы, өлкедегі жүзеге асырылған межелеу және гидротехникалық іс­шаралар талданған.

Түйін сөздер: Жетісу қоныс аудару басқармасы, архив құжаттары, деректану, қоныс аудару, Жетісу өлкесі.

Автор өмірбаяны

  • G .B. Tleubekova, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан, Талдықорған қ.

    т.ғ.к.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы