ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАУЫНЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІ (ХХ Ғ. 30-ЖЫЛДАРЫ)

Авторлар

  • B. Kalshabayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7391-8264

DOI:

10.26577/JH.2021.v101.i2.11

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғ. 30 жылдарындағы Өзбекстандағы саяси қуғын­сүргіннің себептері мен зардаптары және оның сол республика аумағындағы қазақтарға да тигізген салдары баяндалады. Мақсат КСРО аумағында жүргізілген Сталин саясатының зорлық­зомбылығы Өзбекстанда қалай өтті, саяси қуғын­сүргінге халықтың қандай бөлігі ұшырады, қазақтардың үлесі қандай деңгейде болғандығын айқындау. Мақалада тақырыптың зерттелу деңгейі, зерттеу әдістері қарастырылады. Өзбекстан халықтарының қуғын­сүргінге ұшырауы зерттелгенмен, ондағы қазақтардың қуғынға ұшырауы жөнінде арнайы зерттелген еңбек жоқ. Зерттеу барысында тарихилық ұстанымды негізге ала отырып, деректер мен құжаттар сараланды. Автор Орталық Комитеттің КСРО аумағында саяси қуғын­сүргінді жүзеге асырудағы тетіктері, «Үштіктің» құрылуы, олардың жазалау әдістері нақты деректермен айшықталады. Мақалада Өзбекстандағы қазақтардың 1937­1938 жж. саяси қуғын­сүргінге ұшырауындағы себептерге де талдау жүргізуге тырысқан. Өзбекстандағы қазақтардың саяси қуғын­сүргінге ұшырауын зерттеу барысында көз жеткізгеніміз, олардың бай­құлақ болғандығы, орта шаруа бола отырып, кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізу, маңайына жат элементтерді топтастыра отырып, ұлт араздығын күшейту, басмашылармен байланыста болу, не колхоз шаруасына немқұрайлылық таныту, т.б.

Түйін сөздер: Өзбекстан, саяси қуғын­сүргін, 1937­1938 жж., «үштік», Сталиндік жүйе,

Өзбекстандағы қазақтар, бай­құлақтар.

Автор өмірбаяны

  • B. Kalshabayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    т.ғ.д.,профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-24

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы