Орталық Азиядағы Ресейдің жұмсақ күші: концепциялары мен іске асыруы

Авторлар

  • А. Paizova КИМЭП университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. D Dadabayeva Университет КИМЭП, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-7889-6199
  • Jeong Wong Park КИМЭП университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-3427-4822

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.08

Аңдатпа

Бұл мақала Ресейді елдің жеке феномені ретінде зерттейтін, «қатаң күшті» қолданумен сипатталатын академиялық ғылымда «жұмсақ күш» терминін тұжырымдамалауға арналған. Мемлекеттердің бәсекелестігі ынтымақтастық идеясынан басым болатын әлемде «жұмсақ күш» туралы дәстүрлі түсінік ысырылып кетеді де, ал икемділік пен өзгеретін жағдайларға бейімделу осы саясаттың артықшылығы болып табылады. COVID эпидемиясы 21 ғасырдағы халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеретін сипаты туралы тезистің пайдасына тағы бір дәлел болды. Басқаша айтқанда, короновирустың айналасындағы жағдай теорияда жұмыс істейтін, бірақ нақты әлемде тиімсіз «жұмсақ күш» парадигмасының нормативті сипатын айшықтап берді. Ресейлік «жұмсақ күш» ұғымы авторлар «неоклассикалық реализм» теориясының призмасы арқылы көрсетуге тырысқан балама тәсілді білдіреді. «Жұмсақ күшті» қолданудың логикасын зерттей отырып, авторлар Орталық Азия аймағының салыстырмалы әлсіз елдеріндегі артықшылықтарымен қатар ресейлік «жұмсақ күштің» тиімділік көздерін көрсетуге тырысты. Дәл осы жағдайлар көшбасшыларды геосаяси артықшылығы алуан түрлі елдерде оны қолданудың тиімділігін түсіндіреді. Осылайша, жеке трансұлттық немесе «транс империялық» қатынастар осы саясатты жүзеге асырудың негізгі тетігі болып табылады.

Түйін сөздер: «жұмсақ күш», «ресейлік жұмсақ күш», неоклассикалық реализм, Орталық Азия.

Автор өмірбаяны

  • G. D Dadabayeva, Университет КИМЭП, Казахстан, г. Алматы

    т.ғ.д.,профессор

Жарияланды

2021-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы