Ұлы Жібек жолының Қазақстан бөлігіндегі оғыз қалалары туралы жазба деректерге шолу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.04

Аңдатпа

Ұлы Жібек сауда жолының Орта Азиядағы бір тармағы Қазақстанның Оңтүстік аумағы арқылы өтеді. Бүгінде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, яғни Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысында орналасқан оғыз кезеңінің елуден астам елді­мекендері мен қалаларының орындары белгілі. Сырдария өзенін жағалай орналасқан бұл ескерткіштердің тыныс­тіршілігі Ұлы Жібек сауда жолы бойындағы сауда­қатынастарымен тығыз байланысты болды. Оғыз қалалары туралы алғашқы деректер Орхон жазба ескерткіштерінен бастау алады. Сонымен қатар, IX­XIV ғасырларда өмір сүрген араб­парсы­түркі тілдес саяхатшылардың, тарихшылардың, географтардың еңбектерінде оғыздардың әлеуметтік қарым­қатынасы, басқару жүйесі және олар мекендеген қалалардың тыныс­тіршілігі сипатталады. Мақалада Оғыз қалалары ретінде белгілі болған Сауран (Сабран), Сығанақ, Баршынкент (Барчинлы Кент), Асанас (Ашанас), Жент, Жанкент (Жаңа­кент) сияқты ортағасырлық қалалар туралы жалпы мәліметтер келтірілген. Қалалардың атаулары бір емес, бірнеше рет өзгертілгені жайлы және ғалымдардың пікір­ таластары көрсетілген. Оғыздардың тарихи қалалардың атаулары қазіргі таңда, зерттеушілер мен халықтың арасында кеңінен танымал. Мақалада осы атауларға байланысты пікір­талас, талдаулар жазылды. Сонымен қатар, зерттеу барысында ортағасырлық тарихшы­саяхатшылардың, сондай­ ақ, орыс тарихшылары мен зерттеушілерінің еңбектеріне шолу жүргізілді.

Түйін сөздер: Ұлы Жібек жолы, Қазақстан, Сырдария өзені, ортағасырлық қалалар, оғыздар.

 

Автор өмірбаяндары

  • В. К. Shoraev, Dokuz Eylül Universitesi, Түркия, Измир қ

    т.ғ.к., доцент 

  • Zh. K. Sultanzhanov, Эберхард­Карл атындағы Тюбинген университеті, Германия, Тюбинген қ.

    т.ғ.к., доцент 

Жарияланды

2021-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы