Алтын Орда тарихына Тәуелсіздік тұрғысынан жаңаша көзқарас

Авторлар

  • B. B. Karibayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-9794-7588

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v101.i2.01

Аңдатпа

Мақалада Алтын Орда тарихының алғашқы кезеңіндегі ислам дінінің мемлекеттің ішкі саяси оқиғаларына қатысты мәселелерін сөз етеді. Алтын Орда тарихнамасының екі ғасырға жуық кезеңінде бұл мәселе әр түрлі себептерге байланысты қарастырылмай келді. Патшалы Ресей кезеңіндегі тарихнамада деректіз баз жеткіліксіз болса, кеңестік тарихнамада идологиялық себептерге байланысты қарастырылмады. Соған байланысты Алтын Орда тарихына қатысты ғылыми айналымға енгізілген әр түрлі тілдердегі жазба дерек мәліметтеріне сүйене отыра, осы мәселені шешуге тырысады. Тәуелсіздік тұсында гуманитарлық ғылымдарда қолданыла бастаған өркениеттік методологияның ұстанымдары негізінде автор Алтын Орда тарихындағы кейбір мәселелерге жаңаша қарайды. Алтын Орда тарихындағы Батый ханның мұрагерлері Сартақ пен Ұлағшының ресми таққа отыра алмай кенеттен қайтыс болуы талайлар үшін жұмбақ күйінде қалып келсе, автор жазба деректерге сүйеніп, оның артында Батый ханның туған інісі Берке ханның тұрғанын, негізгі себеп діни фактор болғанын дәлелдеп көрсетеді. Сондай-ақ XIII ғасырдың соңғы он жылдығында Алтын Орда тарихында болып өткен ресми хан – Тоқтай мен батыс жақтағы ұлыс билеушісі Ноғай арасындағы соғыстардың басталуына түрткі болған оқиғаларды талдай келе, оның да түп негізінде ислам факторы жатқанын дәлелдеп көрсетеді. Автор қарастырған келесі бір мәселеге – Тоқтай ханның ұлы Елбасардың белгісіз себептермен қайтыс болуы және Өзбек ханның исламды қабылдауы жатады. Жазба дерек мәліметтері арқылы автор мұнда да Алтын Орда тарихында терең із қалдырған осы оқиғалардың астарында ислам факторы тұрғанын дәлелдеп көрсетеді. Түйін сөздер: Алтын Орда, Берке хан, Ноғай Орда, діни фактор.

Автор өмірбаяны

  • B. B. Karibayev, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    т.ғ.д.,профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы