Қазақстан–Иран қатынастарының болашағы
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Иран арасындағы экономикалық байланыс «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы аясындағы Қытайдың сыртқы экономикалық саясаты негізінде қарастырылады. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – Қытайдың Солтүстік-Шығыс аудандарын дамыту және Еуразиялық мемлекеттермен байланысты арттыру болып табылады. Еуразия даласындағы түрлі мәдениеттер мен өркениеттің бейбіт байланысы бола білген Ұлы Жібек жолы болатын. Тарихи кезеңдердегі Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы сауда, мәдени қатынастарға тарихи, экономикалық, мәдени және коммуникациялық тұрғыдан байланыстырған осы қатынасты ХХІ ғасырда саяси, экономикалық үдерістерге арқау ете білсек заманауи өркениетке қосылған тарихи үлес болары сөзсіз. Бүгінде жаһандық экономика қарыштап дамып отыр, сондықтан үш миллиардқа жуық халық қоныстанған белдеуде Жібек Жолын жаңғырту ұлы іс. Мақалада осы «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы аясындағы Қазақстан-Иран қатынастары қарастырылады.








