«Дұрыс отаршылдық» пен әлеуметтік ар-ұждан ұстанымын негіз еткен – разночинец А.И. Добросмыслов

Авторлар

  • Zh. B. Kundakbayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-3074-6332
  • A. I. Duisebayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-2113-5145

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v100.i1.03

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысындағы аймақтық даму ерекшеліктерін ескере отырып, дала өлкесіндегі империялық ветеринарлық қызметтің қалыптасуы мен дамуы барысындағы А.И. Добросмысловтың қызметі талданады. Торғай облысында ветеринарлық қызметтің  құрылуы  бастауында  тұрған  А.И.  Добросмысловтың,   әлеуметтік   шығу   тегі мен  қоғамдық-саяси  көзқарастарына  ерекше  назар  аударылады.  Мақалада  келтірілген А.И. Добросмысловтың белсенділігі мен қызметі, жұмысы мен өмірінің негізін өнімді еңбек пен әлеуметтік жауапкершіліктен көретін, разночиндік интеллигенция идеологиясының қалыптасуы кезегінде қарастырылады. Сонымен бірге, ветеринарлық қызметке және ветеринарларға жүктелген міндеттердің, әсіресе мал тасымалының әл-ауқаты мен кең таралған аурулардан қорғалуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты сараланады. Осыған байланысты, бұл үрдіс

«дұрыс отарлау» жобасы ретінде, дала өлкесіндегі ветеринарлық істі ұйымдастыру мәселесін шешуге өз ықпалын тигізді. Іс жүзінде А.И. Добросмыслов, жүктелген міндеттердің орындалу шарттары мен ветеринарлық қызметті атқару барысына сыни көзқараспен қарауға тырысты. Орталық биліктің сұранысын «дұрыс» шешу мақсатында, жұмысқа деген алаңдаушылығы, сақтығы мен мұқияттылығы тұрғысынан, мүдделі жақтардың мал және мал шаруашылығының жергілікті жағдайларын білмеуі, дала өлкесіндегі ветеринария ісінің одан әрі дамуына кедергі келтіру мүмкіндігі тікелей әсерін тигізеді деп түсінді.

Түйін сөздер: ветеринарлық қызмет, дұрыс отарлау, разночинец, интеллигент, Торғай облысы

Автор өмірбаяндары

  • Zh. B. Kundakbayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

     т.ғ.д., профессор

  • A. I. Duisebayeva, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

    PhD докторант 

Жарияланды

2021-04-19

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы