Қазақ жастары – қоғамдық өзгерістің басты күші

Авторлар

  • A. B. Sarsenbayev М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникация академиясы, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-1780-2977
  • А. S. Abdiraiymova М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникация академиясы, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7896-418X

DOI:

10.26577/JH.2020.v99.i4.12

Аңдатпа

Қазіргі кезеңде жастар саясаты Қазақстан елінің негізгі даму бағыттарының бірі болып табылады. Жастарға көңіл бөлген мемлекеттер ғана саяси және экономикалық табысқа жету мүмкіндігін алады. Жастардың зерттеу мен білім алу саласындағы әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет белгілі бір артықшылыққа ие болады. Сондықтан да Өлкедегі жас азаматтарымызды жалпы қоғамдық жұмыстарға қосу мақсатында жасалып жатқан шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі дамыту үдерісін жүзеге асыруы үшін мемлекеттік тұрғыда жағдай жасалуда. Елбасымыздың жастардың өткені мен болашағына қамқорлық көрсетуді мемлекеттің басымды бағыты ретінде ала отырып, негізгі даму бағыты деп санайды. Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында қазақ жастарының мәселесін шешу мен ішкі жастар саясатын жетілдіру бойынша үкіметке тапсырмалар беріп жүргені аян, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Кез келген қоғамның жетекші күші – жастар. Жас азаматтар саясатының дұрыс жүргізілуі – қоғамның болашағының қалай болатындығының көрсеткіші. Кеңес үкіметі тұсында жүргізілген жастар саясатының өзіндік жоғарғы көрсеткішін ешкім жоққа шығара алмайды. Кезең-кезеңмен жүргізілген, «баспалдақты» жастар идеологиясы мен жастар саясаты қоғамның тұрақты түрде дамуына өзіндік септігін тигізді. Бүгінгі мақалада сол кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қазақ жастарына сеніп тапсырылған жұмыстардың басты бағыттары мен негізгі күштері жайлы айтып өтеміз. Қазақ бозбалаларының, сол кезеңде аса ауыр жағдай кезінде жанкештілікпен атқарған жұмыстары мен халықтың аманшылығы үшін атқарған зор қызметтері арқылы, жастар саясатының дұрыс әлде бұрыс жүргізілгенін көре аламыз. Сонымен қатар, бұл мақалада қазақ бозбалаларының солақай саясаттың құрбаны болғанын, жастардың ізгі ниеттерінің барлығы халықты қанауға жұмсалғанын байқауға болады. Түйін сөздер: Кеңес өкіметі, жастар, кооператив, ашаршылық, Т. Рысқұлов, ұжымдасу, жерсу реформасы, ЖЭС.

Автор өмірбаяндары

  • A. B. Sarsenbayev, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникация академиясы, Қазақстан, Алматы қ.

    PhD доктор 

  • А. S. Abdiraiymova, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникация академиясы, Қазақстан, Алматы қ.

    доцент 

Жүктеулер

Жарияланды

2021-01-05

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы