ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстан Шығармашылық Одақтарының құрамы мен құрылымы

Авторлар

  • Т. Y. Satbai Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қызылорда қ http://orcid.org/0000-0002-0697-7686

DOI:

10.26577/JH.2020.v99.i4.10

Аңдатпа

Қазақстан кеңестік көркем интеллигенция өкілдерінің шығармашылық одақтарға біріктірілгені белгілі. Бұл оларды партиялық-мемлекеттік тұрғыда бақылауда ұстауға қолайлы болды. Соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықтарда шығармашылық одақтардың жұмысында мазмұндық және формалық өзгерістер болған жоқ. Олардың құрамы мен құрылымы баяу өзгерді. Алайда Кеңестік «жылымық» және «тоқырау» жылдарында Қазақстан зиялыларының жаңа ұрпағы «алпысыншы жылдықтар» қалыптасты. Мақалада 1960 жылдары жүрген Қазақстан шығармашылық одақтарының құрамы мен құрылымындағы өзгерістер аталып өтіп, олардың Қазақстан мәдениеті мен рухани өмірдегі ықпалы қарастырылады. 60-шы жылдары Қазақстан шығармашылық одақтарының құрамында сандық және сапалық өзгерістер жүрді. Егер соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда дүниетанымдарына 1937-1938 жылдардағы Кеңестік қуғын-сүргін әсер еткен мүшелер көп болса, жаңа жағдайларда дүниетанымдары жылымық жылдарында қалыптасқан жаңа ұрпақтың өкілдері келе бастады. Жаңа ұрпақ өкілдерінің көзқарастарына салыстырмалы түрде анағұрлым еркіндік тән болды. Бұл олардың шығармашылықтарынан да байқалды. Сөйтіп, Кеңес одағындағы интеллектуалдық мәдени қозғалыс – «алпысыншы жылдықтарды» тудырды. «Алпысыншы жылдықтардың» көрнекті өкілдері – О. Сүлейменов, І. Есенберлин, М. Мағауин, А. Сейдімбек, Ш. Қалдыаяқов, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова, Р.Сейдалин және т.б. болды. Қазақстанның мәдени өмірінде жаңа толқынның өкілдері белсенділік танытты. Түйін сөздер: шығармашылық одақтар, жазушылар, суретшілер, сәулетшілер мен композиторлар одақтары, шығармашылық, суырып-салма ақындар, ауыз әдебиетінің өкілдері, қолданбалы өнер шеберлері, мелодист-сазгерлер.

Автор өмірбаяны

  • Т. Y. Satbai, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қызылорда қ

    доктор  PhD

Жүктеулер

Жарияланды

2021-01-05

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы