Ұлы Дала мәдениетіндегі этнобелгілік жүйенің қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен сабақтастығы
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.08Аңдатпа
Мақалада Ұлы дала мәдени құбылыстарындағы этнобелгілік жүйенің қызметі мен маңызы, олардың қазақтың дәстүрлі дүниетанымымен сабақтастығы қарастырылады. Сондай-ақ мәдениеттің этнобелгілік жүйесін енгізетін семиотикалық жүйенің теориялық аспектілері талданады. Мақала авторы аталған тақырыптың зерттелу деңгейін, оның этнографиялық зерттеулерде маңызын қарастырады. Семиотика, мәдениеттің этнобелгілік функциясы және олардың халықтың дүниетанымын қалыптастырудағы ролі мен орны жөніндегі әртүрлі концепциялар талданады. Этнология ғылымында халықтың этногенезі, этникалық тарихы, дәстүрлі мәдениетін танып білу, этнобелгілік жүйе, мәдениеттің семиотикасын зерттеу маңызды, әрі өзекті мәселе болып саналады. Осы мәселелер пәнаралық байланыста қарастырылады. Дәстүрлі дүниетанымдағы мәдениеттің этнобелгілік жүйесінің сабақтастығын айқындау үшін семиотикалық этнобелгілік жүйедегі діни аспектілер, атап айтқанда: әлемнің аңыздық-діни сипаты (Көк Тәңірі жөнінде), көшпенділер Көк Тәңірін жалғыз жаратушы деп санады, соңында қазақтарда Тәңірі мен Алла сөзінің мағынасы бір синонимге айналды, адам, әлем, социум, жақсы өмірдің қағидалары; әдет-ғұрыптардың семиотикалық әртүрлілігін; олардың халық өміріне барлық жағынан енуін қарастырды. Автор мақалада тақырыпты ашуда, яғни ежелгі мәдениеттің қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен сабақтастығын айқындауда салыстырмалы әдісті қолданды. Түйін сөздер: семиотика, этнобелгілік жүйе, Ұлы дала, дәстүрлі дүниетаным, мәдениет, қазақ мәдениетімен сабақтастық.








