Тарих ғылымында екінші тілді үйренудің тиімді себептері
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.01Аңдатпа
Шет елдерде білім алғысы немесе білімін жалғастырғысы келетін барлық студенттер үшін тіл үйрену – ең маңызды міндет болып саналады. Екінші тілді үйренуге қанша себеп әсер етуі мүмкін? Біздің ойымызша, бұл әр тіл үйренуші үшін ең қызықты сұрақ болып табылады. Бұл мақалада біз екінші тілді үйренуге әсер ететін әртүрлі себептер мен факторларды көрсетуге тырысамыз. Екінші тілді үйренудің тиімді себептері біз ойлағаннан гөрі күрделі екені білім мен ғылым саласында түсінікті мәселе; күрделену тілдік жүйенің күрделі құрамына байланысты, ал тіл қарапайым емес және түсінікті құрылымға ие емес, сондықтан тілді оқыту әртүрлі компоненттердің әсерінен тіпті қарама-қарсы жолмен де туындауы мүмкін. Екінші жағынан, тіл туралы сөйлесу – бұл адамзат туралы әңгіме; адамзат туралы тақырып ретінде талқылау оңай емес, ол психология, әлеуметтану, тарих, анатомия және т.б. сияқты көптеген білім салаларына қатысты. Біз жоғарыда аталған барлық тақырыптарды қамтитын келесі тақырыптарды талқылаймыз: тіл үйренушінің жасы; тіл үйренушінің психологиялық ерекшеліктері; қоғамдық себептер, тіл үйренушінің мәдени ортасы; тіл үйренушінің ана тілінің ерекшеліктері. Түйін сөздер: екінші тіл, себептер, салдар, шет тілі.








