Орталық Азияның этнотарихи үдерістеріндегі көші-қонның рөлі (ерте орта ғасыр)
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.06Аңдатпа
Бұл мақаланың негізгі мақсаты – Орталық Азияның аумағында бірқатар трансформациялық өзгерістерге соқтырған көшпелі тайпалардың ерте орта ғасырлардағы көші-қон мәселесін қарастыру. Мақалада қолданылған негізгі әдістер құрылымдық-функционалдық, салыстырмалы- тарихи, жүйелеу және жалпылау болып табылады. Орта ғасырлардағы тайпалардың қозғалысы қазіргі кезде тарих ғылымындағы зерттеулердің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл құбылыстың этникалық процестерге әсерін бағалау мүмкін емес. Көшпелі тайпалардың көші-қон процесін зерттеу этно-глотто-мәдени генезис, ортағасырлық тарихтың көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік оқиғаларының бастауларын анықтауға мүмкіндік береді. Орта ғасырлардағы түркі тайпалары арасында орын алған көші-қон процестерінің этно-тарихи сипаттамасы олардың Қазақстан аумағында пайда болу уақытына қатысты бірқатар болжамдардың алға жылжуына ықпал етті. Тарихи дереккөздерден алынған мәліметтер, сондай-ақ ғалымдардың зерттеулері авторларға кейбір қазақ тайпаларының тарихын түркі этникалық қауымдастығы қалыптасуының алғашқы кезеңдеріне дейін жүргізуге мүмкіндік берді. Зерттеудің нәтижесінде мемлекеттік құрылымдардың күйреуінен басталған тайпалардың көші-қон қозғалыстары зерттеліп отырған кезеңде жиі орын алды деген қорытынды жасалды. Олар климаттық, экономикалық, демографиялық және саяси өзгерістерге байланысты ішкі және сыртқы факторлардың әсері негізінде қалыптасты. Осыған байланысты ортағасырлық тайпалардың ірі қозғалыстары халықтар тарихында локомотив рөлін атқарды деп те айтуға болады. Түйін сөздер: көші-қон, этникалық үдерістер, түркі тайпалары, этноним, Орталық Азия.








