Батыс Қазақстандағы Савромат-Сармат тайпаларының обаларынан табылған балталар
DOI:
10.26577/JH.2020.v99.i4.05Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада Оңтүстік Орал аймағында Темір дәуірінде мекендеген Савромат- Сармат тайпаларының қалыптасу тарихы зерттелген. Ерте Темір дәуірінде аталмыш аймақта мекендеген Савромат тайпасының негізінде Орта Темір дәуірінде Сармат конфедерациясының құрылғандығы және олардың Савромат мәдениетін жалғастырғандығы, олардың түбі бір туыстас тайпалар болғандығы анықталды. Сонымен қатар, аталмыш тайпалардың Батыс Қазақстан территориясында мекендегендігін археологиялық заттай деректер арқылы дәлелдей отырып, аймақтағы обалардан табылған балталар зерттеліп, талдау жасалынған. Жерлеу орындардан табылған жәдігерлердің басым бөлігін құрайтын қару-жарақтар, обалардың немесе оба үйіндісі астындағы жерлеу орындардың хронологиясын анықтауда және көшпелі тайпалардың таралу аймағын анықтауда маңызды мәліметтер береді. Сол себепті, зерттеушілер Ресей территориясындағы, Солтүстік Кавказ және Солтүстік Қаратеңіз аймақтарындағы обалардан табылған қару-жарақтарды зерттеп, хронологиялық классификациясын жасаған. Өкінішке орай, Батыс Қазақстан территориясында мекендеген аталмыш тайпалардың қаруының бұл түрінің хронологиялық классификациясы жасалынбаған. Осы себептерге байланысты, бұл мақалада, бізден алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесіне сүйене отырып, ескі және жаңа деректерді топтастырып, Батыс Қазақстан территориясындағы Савромат-Сармат тайпаларының обаларынан табылған балталардың хронологиялық классификациясы жасалынды және таралу аймағы анықталды. Түйін сөздер: Савромат, Сармат, Оңтүстік Орал, Батыс Қазақстан, оба, балта.








