Қазақстан территориясындағы сақ кезеңіндегі ат әбзелдерінің зерттелуі

Авторлар

  • А. Tishkin Altai State University image/svg+xml
  • B. Besetayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JH-2019-1-408

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің ат әбзелдерін зерттеу сақ-скиф кезеңінің мәдениетінен мәлімет беретін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада жалпы ортақ мәдени-хронологиялық негіздеріне сүйене отырып, сақ-скиф кезеңінің ат әбзелдерінің зерттелуі қарастырылған. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері көшпелі сақ тайпаларының көршілес аймақтармен өзара мәдени қарым-қатынас пен этникалық туыстастық мәселелерін анықтайтын соңғы қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтпелі кезең (б.з.д. IX–VIII ғғ.), ерте сақ кезеңі (б.з.д. VIII–VI ғғ.), сақ кезеңі (б.з.д. VI–IV ғғ.) және пазырық мәдениетінің соңғы кезеңі (б.з.д. IV–III ғғ.) аралығын қамтиды. Аталмыш кезең ат әбзелдердің динамикалық дамуымен ерекшеленеді. Негізінен, ат әбзелдерінің бөліктері хронологиялық мерзімдеу, ежелгі көші-қон үдерістерін қайта қалпына келтіруде және т.б. кеңінен қолданылады. Ат әбзелдерінің бөлшектерін жүйелі түрде зерттеу және әртүрлі сараптама жасау сақ-скиф кезеңінің археологиясына қатысты жалпы және жекелеген мәселелерді шешуге жол ашады.

Жарияланды

2019-03-18

Журналдың саны

Бөлім

ҚазҰУ Хабаршысы: Тарих сериясы