ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ АРХИВ ҚЫЗМЕТІ: БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮЛГІЛЕРІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2004071126Түйін сөздер:
архив қызметі, архивтерді басқару, Орталық Еуропа, Шығыс Еуропа, цифрландыру.Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі архив қызметін басқарудың заманауи үлгілерін қарастыру және цифрлық трансформация жағдайындағы олардың дамуындағы ортақ үрдістер мен ерекшеліктерді анықтау.
Зерттеу салыстырмалы және институционалдық тәсілдерге негізделген. Жұмыста таңдалған елдердің архив мекемелерінің заңнамалық негіздері, стратегиялық құжаттары, цифрлық бастамалары мен кадрлық саясаты талданады. Сонымен қатар салыстырмалы талдау, контент-талдау және құрылымдық-функционалдық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу нәтижелері Орталық Еуропа елдерінде стратегиялық жоспарлау мен цифрландыру деңгейі жоғары екенін, ал Шығыс Еуропа елдерінде институционалдық даму мен құқықтық реттеу басым бағыт екенін көрсетті. Сонымен қатар аймақ елдерінде цифрлық технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған ортақ үрдіс байқалады.
Зерттеу архив қызметін құқықтық, ұйымдастырушылық және цифрлық аспектілерді біріктіретін басқару жүйесі ретінде кешенді түрде қарастыруымен және өңірлік басқару үлгілеріне салыстырмалы талдау жасауымен ерекшеленеді.
