ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАҒЫ ТҮРКІСТАН СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ САНЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH2004061126

Түйін сөздер:

Қызыл Армия, түркістандықтар, әскери тұтқындар, Ұлы Отан соғысы, «Түркістан легионы», математикалық-статистикалық талдау, демографиялық бағалаулар.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – Ұлы Отан соғысы (ҰОС) жылдарында фашистік тұтқынға түсіп, кейіннен Вермахттың жауынгерлік және қосалқы бөлімшелерінде қызмет еткен Орталық Азия республикаларының байырғы тұрғындары арасынан шыққан Қызыл Армия жауынгерлерінің (қазақтар, қырғыздар, тәжіктер, түрікмендер, қарақалпақтармен бірге өзбектер, бұдан әрі - түркістандықтар) санын бағалау болып табылады, өйткені бұл тұрғыда нақты статистика жоқ және қолда бар мәліметтер ұлттық құрамына бөлмей, түркістандықтардың жалпы санын ғана көрсетеді.

Зерттеу базасы ретінде 1939 жылғы халық санағы бойынша КСРО орталық мемлекеттік органдарының халықтың ұлттық құрамы туралы ресми статистикалық деректері; 1939 жылғы 17 қыркүйектегі түркістандық республикалар халқының саны және олардың этникалық құрылымы туралы мәліметтер; Қызыл Армияның жеке құрамын жұмылдыру (мобилизациялау) мен өлім-жітімі туралы орташа деректер, ҰОС жылдарындағы қызыләскерлердің тұтқынға түсу және әскери тұтқындардың өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылды. Дереккөздердің қосымша тобын «Түркістан бірлігі ұлттық комитеті» (ТБҰК) қайраткерлері мен «Түркістан легионы» қатысушыларының құжаттық куәліктері құрайды.

Жұмылдырылған түркістандықтардың санын ретті түрде есептеу арқылы әрбір ұлттық топ үшін келесідей бағалау көрсеткіштері анықталды: ұрыс қимылдарында қаза тапқандар; тұтқынға түсіп, сол жерде көз жұмғандар; аман қалып, қарсылас тараптың қатарына «Түркістан легионы» құрамында қызметке өткендер немесе жұмыс күші ретінде пайдаланылғандар саны.

Зерттеу әдіснамасы математикалық-статистикалық әдістерді, салыстырмалы талдауды және тарихи-құжаттық дереккөздерді интерпретациялауды қолдануға негізделген.

Зерттеу нәтижелері дереккөздердің фрагменттілігіне (үзінді сипатына) қарамастан, демографиялық және әскери мәліметтерді біріктіру есебінен ҰОС-тың статистикалық деректерін нақтылау мүмкіндігін көрсетті. Математикалық-статистикалық тәсілді қолдану соғыс жылдарындағы қызыләскер-түркістандықтардың сандық бағалауындағы олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Бағалау көрсеткіштерін белгілеу тарихи-демографиялық деректерді нақтылауға ғана ықпал етіп қоймай, соғыстың Орталық Азия халықтары үшін гуманитарлық салдарының ауқымын түсінуді кеңейтеді. Бұл бағыттағы зерттеулерді одан әрі дамыту дереккөздер базасын кеңейтуді және пәнаралық талдауды талап етеді.

Жарияланды

2026-11-20

Журналдың саны

Бөлім

2-бөлім Дүниежүзі тaрихы