XIX ғасырдың соңындағы француз мерзімді басылымдарындағы дала мәдениетінің репрезентациясы (1891 жылғы «Л’Иллюстрасьон») журналының материалдары негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/Кілт сөздер:
Шығыс деректануы, Қазақстан тарихы, француз жазба деректері, бәйге, қазақ этнографиясы, Орталық Азияның мәдени мұрасы, шығыстану тарихыАңдатпа
Мақалада 1891 жылғы француздық «Л’Иллюстрасьон» журналындағы Қазақстан мәдениетінің қабылдануына деректанулық талдау жасалған. Зерттеу француз саяхатшысы Анри Орлеанскийдің мерзімді басылымдағы көшпелі қоғам образын зерделеуге және XIX ғасырдың соңындағы қазақ мәдениеті туралы этнографиялық мәліметтердің шынайылық деңгейін анықтауға бағытталған. Жұмыстың әдіснамалық негізін классикалық деректанулық талдау мен ориенталистік дискурс әдістерін ұштастыратын пәнаралық тәсіл құрайды; бұл еуропалық бақылаушының субъективті бағаларын объективті тарихи деректер мен шындықтан ажыратуға мүмкіндік береді. Зерттеудің эмпирикалық негізі Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері, профессор М.Х. Әбусейітова мен профессор Г.С. Сұлтанғалиеваның «Мұрағат-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Швейцария археографиялық экспедициялар барысында тапқан жазбаша материалдар мен гравюралардан тұрды.
Анри Орлеанский өз мақаласында Семейдегі Құрбан айт мерекесіне арналған ауқымды шараларды егжей-тегжейлі сипаттаған. Ат жарысы (бәйге) мысалында сол кезеңде далада орын алған жаһандық саяси және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қарамастан, халықтың ата-баба дәстүрлерін қалай сақтап қалғаны көрсетілген. Жүлде қоры мен іс-шараның ауқымын талдау арқылы көшпелі ақсүйектердің әл-ауқатының жоғары деңгейі атап өтілген, ал отырықшылыққа көшу қазақ халқының жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуінің күрделі процесі ретінде қарастырылған. XIX ғасырдың соңындағы Семейдегі оқиғаларды сипаттау негізіндегі бұл зерттеу жаңа империялық жүйе мен қазақтардың дәстүрлі әлеуметтік өмірі арасындағы өзара іс-қимыл ерекшеліктерін ашады. «L’Illustration» басылымында берілген тұрмыс-салт, қонақтар мен дәм тату көріністері қазақ қоғамының оқшауланбағанын, керісінше халықаралық қатынастарға белсенді қатысқанын көрсететін тағы бір маңызды сәтті айқындайды. Жұмыста ұсынылған түпнұсқа гравюралар ерекше назар аударуға тұрарлық. Олар қатысушылардың сырт келбетінен бастап, жылқы тұқымдарына дейінгі қазақтардың материалдық мәдениетінің бөлшектерін көрнекі түрде қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ғылыми айналымға енгізілген бұл мәліметтер қазақтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінің тетіктерін, сондай-ақ XIX ғасырдың соңындағы жаһандық өзгерістер жағдайында қалыпты институттарды трансформациялау арқылы өз бірегейлігін сақтау қабілетін тереңірек түсінуге жол ашады.
Әдебиеттер тізімі
1. Bayly C.A. (1999) Empire and Information: Intelligence Gathering and Social Communication in India, 1780-1870. Cambridge: Cambridge University Press. 1999. 426 p.
2. Bonvalot, Gabriel (1884). En Asie centrale. De Moscou en Bactriane, par Gabriel Bonvalot,. E. Plon, Nourrit et Cie (Paris). 1884. 309 p.
3. Gabriel Bonvalot (1892). De Paris au Tonkin à travers le Tibet inconnu. Paris: Hachette, 1892. 510 p., [1] folded leaf of plates: 109 ill., ttps://babel.hathitrust.org/cgi/pt?id=nnc1.0047466650&seq=9
4. Hell Hommaire de, Xavier (1945). Alcide d'Orbigny. Les steppes de la mer Caspienne, le Caucase, la Crimée et la Russie méridionale: voyage pittoresque, historique et scientifique. Atlas historique. P. Bertrand (Paris) Ve Levrault (Strasbourg) 1845. – 79 р.
5. Henri Orleans (1867-1901). France Archives FRAN_NP_052739 https://francearchives.gouv.fr/fr/authorityrecord/FRAN_NP_052739
6. Henri Orleans (1891). Les Courses de Chevaux en Siberie / L' Illustration. Samedi 21 Mars 1891. 49e Annee № 2508. II.SW.15 А 001 065 010 003
7. Jean Paul Perrin (1843). Les directeurs de L'Illustration et de France Illustration (1843-1955). https://www.lillustration.com/m/Les-directeurs-de-L-Illustration-et-de-France-Illustration-1843-1955_a83.html
8. Kalifa et al. (2011) / Dominique Kalifa, Philippe Régnier, Marie-Ève Thérenty et Alain Vaillant. La civilisation du journal: histoire culturelle et littéraire de la presse française au XIXe siècle. Paris: Nouveau Monde éditions. 2011. 1818 p.
9. MacKenzie, John (1995) Orientalism. History, Theory and the Arts. Manchester: Manchester University Press. 1995. 242 p.
10. Pratt, Mary Louise. (1992) Imperial Eyes. Travel Writing and Transculturation. London: Routledge. 1992. 257 p.
11. Said Edward W. (1978). Orientalism. New York: Pantheon Books. 1978. 368 p.
12. Shygys, (2019) - Абусеитова М.Х., Шаймарданова Н.Ш., Табынбаева Т.З. Архивные фонды и музеи Франции по истории и культуре Великой степи / Shygys, 2019 №1. С. 30-35.
13. Thompson, Carl. (2011) Travel Writing. London: Routledge. 2011. 244 p.
14. Todorova M.N. (1997) Imagining the Balkans. New York: Oxford University Press. 1997. 257 p.
15. Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. (1998) Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы, 1998
16. Бартольд, В.В. (1927). История культурной жизни Туркестана / В. В. Бартольд; Акад. наук СССР, Комис. по изучению естеств. производит. сил СССР. Ленинград : Акад. наук СССР, 1927. - [2], II, 256 с.
17. Бенкевич В. (1903) Киргизское степное скотоводство и меры к его улучшению // Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского Русского географического общества. Вып. I. Семипалатинск, 1903. 25 с.
18. Валиханов Ч.Ч. (2013) Собрание сочинений в восьми томах. Алматы: Дайк-Пресс, 2013. Т.3. 628 с.
19. Джантюрин С. (1883). Очерки киргизского коневодства // Журнал коннозаводства. 1883, № 7, 8; Черепов П.В. (1883) Киргизское коневодство // Русский спорт. 1883, № 8, 9
20. История Казахстана (1997) (с древнейших времен до наших дней) в пяти томах. Том 2. – Алматы: «Атамұра», 1997. 624 с.
21. Каталог визуальных артефактов (2024), выявленных в зарубежных архивах и фондах по истории и культуре Евразии / Абусеитова М.Х., Табынбаева З.С., Шаймарданова Н.Ж., Жугенбаева Г.С., Жумагулов К. Т., Хинаят Б., Симона Сала, Султангалиева Г.С., Ужкенов Е., Ошан Ж., Белгожа Е.К., Каримова З. К., Оспанов Н. – Алматы: «Шығыс пен Батыс», 2024. – 265 с. ISBN 978-601-80746-4-6
22. Каталог карт (2023) по истории и культуре Великой степи (древность, средневековье, новое время) / Абусеитова М.Х., Жугенбаева Г.С., Султангалиева Г.С., Ошан Ж., Жумагулов К.Т., Шаймарданова Н.Ж., Табынбаева З.С., Медерова Д.Е., Каримова З.К., Ужкенов Е., Белгожа Е.К., Оспанов Н., Хаким А., Карасова С. – Алматы: Шығыс пен Батыс, 2023. – 284 c. ISBN 978-601-08-3507-8
23. Каталог письменных и архивных источников (2024) по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии / Абусеитова М.Х., Табынбаева З.С., Жугенбаева Г.С., Шаймарданова Н.Ж., Жумагулов К.Т., Хинаят Б., Султангалиева Г.С., Торланбаева К.У., Ошан Ж., Ужкенов Е., Шотанова Г., Каримова З. К., Белгожа Е.К., Оспанов Н. Алматы: «Шығыс пен Батыс», 2024. - 306 с. ISBN 978-601-80746-5-3
24. Коншин Н. (1898) К вопросу о переходе киргиз Семипалатинской области в оседлое состояние // Памятная книжка Семипалатинской области на 1898 год. Семипалатинск, 1898. 69 с. https://abashin.org/2025/11/01/konshin-n-k-voprosu-o-perehode-kirgiz-semipalatinskoj-oblasti-v-osedloe-sostoyanie/
25. Кустанаев Х. (1894) Этнографические очерки киргиз Перовского и Казалинского уездов. Сочинение воспитанника IV класса Туркестанской учительской семинарии Худабая Кустанаева / Под редакцией Н.А. Воскресенского. Ташкент: Типо-литография бр. Порцевых, 1894. 30 с. https://istp2012.wordpress.com/wp-content/uploads/2022/04/kustanaev.pdf
26. Лебедева Н. К. (1914) Реклю, Жан Жак Элизе (1830-1905). Земля. Описание жизни земного шара: [в 12 т.] / Перевод с французского под редакцией и с дополнениями Н. К. Лебедева. Земля в мировом пространстве. Москва: Тип. т-ва И. Д. Сытина, 1914, 1914. 124 с.
27. Левшин А. (1832) Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Ч. 3. Этнографические известия. СПб, 1832. 304 c.
28. Никитин В.П. (1897) Исторический очерк Семипалатинской области // Памятная книжка Семипалатинской области на 1897 год. Семипалатинск, 1897. 284 с. https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1541112&simple=true
29. Смирнов А.П. (1892) Быт и нравы киргизов. Санкт-Петербург, 1892. 27 с.
30. Токтабай А. (2022). Конный мир казахов. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2022. – 496 с.
31. Шаймарданова З.Ж. (2020) Расширение источниковой базы исторических исследований во Франции по Центральной Азии и Казахстану / Публикации Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты. https://iie.kz › https://iie.kz/?page_id=414
