ВАТИКАН АПОСТОЛДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРАБ ТІЛДІ ҚОЛЖАЗБА МҰРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH2004051126Түйін сөздер:
Ватикан Апостолдық Кітапханасы, араб тілді қолжазбалар, қалыптасу тарихы, қолжазба қоры, каталогтау.Аңдатпа
Бұл мақала әлемдік мәдени және жазба мұраның бірегей қабатын құрайтын Ватикан Апостолдық Кітапханасының араб тілді қолжазба қорының қалыптасуы мен құрылымдану тарихын зерттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты – кітапхананың негізгі араб коллекцияларының қалыптасу кезеңдерін кешенді талдау және олардың мазмұнын жүйелеу. Ватикан коллекциясының араб тіліндегі каталогтары (Vaticani), Барбериниани (Barberiniani), Борджиани (Borgiani) және Россиани каталогтары (Rossiani) сияқты танымал жиындар басты назарда.Зерттеу методологиясы деректанулық, салыстырмалы-тарихи және сипаттамалық-каталогтау талдауларына сүйенеді. Жұмыста Ватикан қолжазбаларын зерттеудің ғылыми базасын қалыптастырған көрнекті зерттеушілер мен сақтаушылар – Анджело Май, Карло Криспо-Монкадо, Джорджо Леви Делла Вида және Джованни Баттиста де Россидің қосқан үлесіне ерекше орын берілген. Зерттеудің негізгі нәтижесі – араб тілді қолжазбалардың екі негізгі топқа: христиандық және мұсылмандық ескерткіштерге жіктелуі. Мақалада әр топтың тақырыптық және жанрлық мазмұны сипатталып, олардың өзіндік теологиялық, филологиялық және тарихи-мәдени ерекшеліктері айқындалған. Мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығы Ватикандағы арабтілді кітаптары туралы мәліметтерді жүйелеуде жатыр. Зерттеу нәтижелерін шығыстану, деректану, арабистика және кодикология саласындағы мамандар, сондай-ақ кітапхана ісінің тарихы мен Таяу Шығыстың қолжазба дәстүрі бойынша оқу курстарында пайдалана алады. Зерттеудің құндылығы Ватикандағы ең ірі араб кітап жинақтарының қалыптасуы мен оның құрамы туралы жүйеленген деректерді ғылыми айналымға енгізуден тұрады.
