ЕРТКІШТЕРІН 2025 ЖЫЛЫ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ: ЖАҢА ДЕРЕКТЕР МЕН ТҮСІНДІРМЕЛЕР

Авторлар

  • Д.З. Сагидуллаев
  • М.Н. Сдыков

DOI:

10.26577/JH2121202611

Кілт сөздер:

Алтын Орда, археология, Батыс Қазақстан, Жошы ұлысы, сауда жолдары, қоныстар, ескерткіштер, қорымдар, Жайық өзені, Қамыс-Самар.

Аңдатпа

Археологиялық зерттеулер бойынша Батыс Қазақстан облысының аумағы Алтын Орда дәуірінде отырықшылық мәдениеттің дамуы үшін маңызды орталықтардың бірі болған. Жайық өзенінің бойында, сонымен қатар Қараөзен және Сарыөзен аймақтарында, бұл кезеңде Жайық, Жалпақтал, Мокринский, Сарыөзен, Орысқопа сияқты бірқатар қоныстар қалыптасқан. Бұл зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – белгілі қоныстар аймағындағы болжанған ортағасырлық сауда бағыттарын археологиялық әдістер арқылы тексеру және растау болып табылады. Зерттеу әдістемесі ХІХ-ХХ ғасырлардағы тарихи байланыс жолдарын талдауға және белгілі қоныстардың таралу ареалдарын ескере отырып, болжамды сауда жолдары бойынша тікелей археологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді қамтыды. Жұмыстың нәтижесінде болжанған сауда бағыттары бойынша жаңа Алтын Орда дәуірінің археологиялық ескерткіштері анықталды, бұл тарихи сауда қатынастарының болуы туралы болжамды растайды және аймақтың ортағасырлық кезеңдегі экономикалық-мәдени байланыстарын зерттеуге негіз береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-20

Журналдың саны

Бөлім

3-бөлім Aрхеология және этнология