ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІ: ОТАРЛАУ САЛДАРЫ ЖӘНЕ ТОПОНИМДІК ТАРИХЫ
DOI:
10.26577/JH212120269Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, Тарбағатай өңірі, өлке тарихына шолу, отарлану тарихы, бекеттер рөлі.Аңдатпа
Мақалада авторлар Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай өңірінің өткен тарихына шолу жасай отырып, өлкенің патшалық Ресей тарапынан отарлануы тарихына және топонимикалық жер-су атауларының басқа тілге ауысып түбегейлі өзгерістерге түсу тарихын зерттеуге баса назар аударған. Мақаланың атап өтетін бір жаңалығы алғаш рет отарлаушылар тарапынан стратегиялық зор маңызы бар, әскери мақсаттағы бекініс ролін атқарған бекеттер желісінің салынуы және олардың атаулары дәйекті зерттелінген.
Мақаланы жазудағы басты мақсат - топонимдік жер-су атауларын сипаттай отырып, аталмыш өңірдегі ежелгі дәуірлерден келе жатқан жергілікті топонимдік атаулардың патшалық Ресей тарапынан отарлау кезеңінде тұтастай дерлік өзгерістерге түсуге қатысты мәселелді талдау. Сонымен қатар, славяндық атауларды иеленген жергілікті топонимдік атаулардың көне тарихын зерделеу, отарлау кезеңдеріндегі әкімшілік өзгерістер, қазақ жерлерін басқару ережелерінің пайда болуын саралау мақаланың негізгі бағыты болмақ.
Мақаланың зерттеу методологиясы тарих ғылымдарының негізі саналатын тарихилық, обьективтілік принциптеріне негізделген.
Зерттеудің әдіснамалық негізіне сүйене отырып, қазақ даласында екі ғасырға жуық уақыт өткізген отаршылдық кезеңдердің әлеуметтік формаларының өзгеруіне қарамастан, отаршылдық әдістердің сабақтас екендігі туралы қорытынды жасалды.








