«Қазақ» газетінде жарияланған Балкан соғыстары жайлы деректер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.010

Аннотация

Мақала мазмұны XX ғасырдың 1912-1913 жылдары «Қазақ» газетінің «Сыртқы хабарлар» айдарында жарық көрген Осман империясында орын алған Балкан соғыстарын қамтитын деректерді тереңдей зерттеудің қажеттілігінен туындайды. Зерттеудің басты мақсаты «Қазақ» газетінде жарияланған деректер негізінде ХХ ғасыр басындағы қазақ-түрік саяси-мәдени байланыстары  тарихын ғылыми қалпына келтіру болып белгіленді. Осыған байланысты мақалада басылымда жарық көрген Осман империясы мен Болгария, Черногория, Сербия және Греция арасында өткен  Балқан соғыстары жайлы ақпараттар талданып, жүйеленуі және «Қазақ» газеті арқылы ұлт зиялыларының Осман империясында орын алған соғысқа деген көзқарасы, газеттің Балкан соғыстары жайлы жаңалықтарды жариялау арқылы соғыс тақырыбының қазақ даласына қатысты мәселелерін нақты мысалдармен көрсеткендігі жөнінде тұжырымдар ғылыми танымда жаңалық болып саналады.                                                                                                Тақырыптың идеясын ашуда тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ұлттық мүдде тұрғысында бағалау қағидасы басшылыққа алынды. Нәтижесінде 1913-1918 жылдары жарық көрген «Қазақ» газетінің сандарынан қазақ-түрік байланыстарына  қатысты ауқымды деректік ақпарат жинақталды. Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде «Қазақ» газетінде жарияланған Балқан соғысы кезеңіндегі Осман империясында орын алған билік үшін күрес, І-II Балқан соғысының нәтижелері талданып, ұлттық басылым деректері негізінде ғылыми қорытындылар жасалды. Негізгі дереккөзін «Қазақ» газетінің басылымы құрайды.   

Жүктелулер

Жарияланды

2023-11-30

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история