ВЛИЯНИЕ ЭТНИЧЕСКОГО СОСТАВА И ДЕМОГРАФИЧЕСКИХ ИЗМЕНЕНИЙ ГОРОДА АКТОБЕ В КОНЦЕ ХІХ – НАЧАЛЕ ХХ ВЕКА НА ФОРМИРОВАНИЕ ПОЛИЭТНИЧЕСКОГО ГОРОДА
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.06Аннотация
Мақалада Ақтөбе бекінісінің негізі қаланған күннен бастап халқының құрамы өзгерістерге ұшыраған кезеңдері айтылады. Бастапқы кезеңде Ақтөбе қаласы бекініс, кейін уезд, облыс статустарына қалай жеткені негізге алына отырып, мақалада автор Ақтөбе өңіріне қатысты тарихи демографиялық көрсеткіштері бар мәліметтер мен статистикалық құжаттарға және мұрағат қорлары, мерзімді басылымдар беттеріне, ғылыми зерттеулерге сүйеніп деректер келтіреді. ХІХ ғасырдың аяғында Бүкілресейлік санақ жүйесі жүргізіліп, Ақтөбе аймағындағы қоныстанушылар мен жергілікті тұрғындардың демографиялық көрсеткіштерін айқындаған болатын.
Ақтөбе қаласы ХХ ғасырдың басында бірнеше этникалық топтардың қалыптасуымен полиэтникалық қала негізінде бой көтере бастады. Қалада әртүрлі инфраструктуралар пайда болып, демографиялық өзгерістер орын алды. Сонымен қатар, автор жоғарыда айтылған қалада шоғырланған халықтардың механикалық және табиғи өсім динамикасына назар аударады. Мұрағат қорында жинақталған статистикалық жұмыстары қаладағы әртүрлі салада жұмыс атқарған халықтар туралы мәліметтер беріп, қаланың әртүрлі даму аспектілерін көрсетеді.