Мемлекеттік Орталық Музейдің тарихи этнография залындағы тұрмыс-тіршілік және зергерлік бұйымдардың маңыздылығы
Аннотация
Мақалада, Орталық Мемлекеттік Музейдің тарихи этнография залындағы коллекциялар XVIII ғ. ІІ жартысы кезеңіндегі жәдігерлерден бастап, басым бөлігі ХІХ-ХХ ғғ. мерзімделетін тарихи – мәдени мұралардың тұрмыстық және зергерлік бұйымдардың маңыздылығы, экспозициялық ерекшелігіне сипаттама берілді. Қазақы зергерлік бұйымдар мен тұрмыс-тіршілікте қолданылған бұйымдардың мағыналылығы айқындалып, сараланды. Киім киюдегі қазақы бұйымдардың қолдану аясына анықтама берілді. Қоғамдағы зергерлік бұйымдардың негізгі сипаттары көрсетіліп, көшпелі қазақ мәдениет дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері бейнелі түрде берілді. 2008 жылғы ғылыми концепция бойынша жаңартылған материалдардың да маңыздылығы қамтылған. Мақаланы жазу барысында тарихи мәліметтерді анықтау, анықталған ғылыми деректерді жүйелі талдау әдістері пайдаланылды.
Залдағы экспонаттардың ерекшелігі мен пайдалану барысына түсінік берілді. «Мәңгілік ел» - ұрпақ сабақтастығы мен маңыздылығы айқындалды.