ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА 2014 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ

Авторлар

  • M. Eleuov КазНУ им. аль-Фараби
  • D. Taleev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
        53 17

Аннотация

Мақалада Қазақстан жеріндегі көне қалалардың бірі Тараздың қысқаша тарихы, жазба деректер мәліметтері бойынша баяндалады. Қала ортағасыр кезінде, әсіресе Түрік және Түргеш қағанаттары тұсында астаналық қызмет атқарды. Деректерде Тараз сауда мен қол өнері орталығы болғандығы айтылады. Ұлы Жібек жолы Қазақ жері арқылы өткен тұстарда Тараз түрлі елдерден келген елшілер тоқтап, халқаралық деңгейдегі саяси мәселелер шешілген қалаға айналған. Мақалада осы мәселелер қысқаша қарастырылады. Қаланың орнында жүргізілген археологиялық зерттеулерге қысқаша шолу жасалды. 2014 жылы жазғы маусым кезінде қаланың қорғаныс құрылыстары мен қорғаныс элементтерін анықтау мақсатында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі тұжырымдалған. Қазба барысында табылған күміс, қола және мыс теңгелердің мәліметтері бойынша қаланың гүлденген уақыты анықталды. Ол Түрік және Түргеш, Қарахан қағанаттары үстемдік құрған уақытпен сәйкес келеді. Жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде аршылған тастан салынған ғимараттар қатырылып, туристік нысанға айландыруға ұсынылды.

Жүктелулер

Как цитировать

Eleuov, M., & Taleev, D. (2020). ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА 2014 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 2(77). вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/955

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая