Ислам тарихындағы әулиелік мәселелерінің алатын орны
Аннотация
Бұл мақалада ислам тарихындағы күрделі мәселелердің бірі – әулиелік мәселесіне қатысты қарастырылады. Әулиелік культі мәселесі әлі күнге дейін ғылымдағы ақтаңдақтардың бірі болып қалып қойып отыр. Әсіресе, әулиелі орындардағы ескерткіштер, осындай жерлермен байланысты ауызша аңыз-дәстүрлерді жазбаға түсіру, оларды тәкпіштеп зерттеу тыңғылықты түрде қолға алына қойған жоқ. Кеңес дәуіріне дейінгі, кеңес одағы жылдарындағы, кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі жылдардағы зерттеушілердің еңбектеріне жете көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, сопылық пен әулие ұғымдарына пайымдама жасалып, діни өмірімізден мықтап орын алып отырған әулиелер мен киелі орындардың пайда болуы, олардың атқаратын қызметіне баса назар аударылды. Қазақ халқының қазіргі уақытқа дейін ата-бабамыздың рухани мұрасы әулиелі және киелі орындарға ерекше құрметпен қарағаны баяндалады.