Түркі халықтарының дүниетанымындағы әлем бейнесі: Алтай аңыздары мен батырлар жыры негізінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/jh.2020.v97.i2.06Аннотация
Түркі халықтарының дүниетанымындағы әлем бейнесінің құрылымының сипаттамасын
қалпына келтіруде алтайлықтардың аңыздары мен батырлық жырларындағы мифологемдерді
зерттеу маңызды. Мақалада жобаны жүзеге асыру барысында Алтай Республикасы аумағында
жинақталған далалық материалдар мен алтайлықтардың батырлық жырларын талдау
негізінде Орталық Азия халықтарының ауыз әдебиеті дәстүрі арасындағы өзара тарихи
байланыстар анықталып, Алтай батырлар жырларындағы мифологиялық сюжеттер руна
жазба ескерткіштерінің сюжеттерімен, қазақ мифтерімен салыстырмалы түрде талданды.
Далалық экспедиция барысында жазып алынған аңыз әңгімелерді талдау барысында түркі
халықтарының дүниетанымындағы әлем бейнесінің құрылымының сипаттамасын қалпына
келтіруге мүмкіндік алдық. Аңыздық прозада алтайлықтардың қоршаған әлем, табиғи және
әлеуметтік шындық туралы архаикалық мифологиялық және діни түсініктері көрсетілді. Осы
тұрғыда түркілердің кеңістіктік-уақыттық дүниетанымының күрделілігін атап өту керек, бұл
мағынада әлемдегі заттардың қарапайымдылығы туралы нақты айта алмаймыз. Алтай мифтерін
қазақ мифтерімен салыстырмалы талдау бізді ежелгі түркілер өздерін әлемнің ажырамыс бір
бөлгі ретінде қабылдағаны туралы қорытынды жасауға тура келеді. Ежелгі түркі дүниетанымы
бойынша адамдар мен табиғаттың тұтастығы әлемнің жаратылуының ажырамас бөлігі ретінде
көрініс беріп, олар қоршаған ортаға экологиялық қатынас мәдениеті, табиғатқа, космосқа және
оның заңдарына деген сый-құрмет, табиғат, қоғам және адам қатынасы ерекшеліктері туралы
дүниетанымдық философияны негіздегенін байқаймыз.